
Жеңіс күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің ұжымы Ұлы Отан соғысының ардагері Дмитрий Наприенконы Жеңіс күнімен құттықтады. Дмитрий Петрович 1927 жылы Ұзынкөл ауданында дүниеге келген. Әскерге 1944 жылы 17 жасар бозбала шағында шақырылды. Қиыр Шығыста әскери қызмет жасап, Жапониямен соғысқа қатысқан. Майдан даласында ауыр жараланып, госпитальда ем алған. Ол 1951 жылы әскерден қайтқаннан кейін ұзақ жылдар мемлекеттік қызметте қаржыгер болып еңбек етті. - Жеңіс күні – біз, соғысқа қатысушылар үшін, ерекше күн. Жыл сайын жылы лебізбен құттықтаулар қабылдаймыз. Бізді ұмытпай, құрмет көрсетіп жатқандарыңа рахмет. Отанды сүйіп, оған адал қызмет етіңдер, - деп ардагер Департамент ұжымына көрсеткен қамқорлығы үшін алғысын жеткізді.