ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ ОРАЗА Толығырақ

АЛИМЕНТ ТӨЛЕМЕЙ ЖҮРГЕН 140 АТА-АНАҒА ІЗДЕУ САЛЫНДЫ

20:49, 7 сәуір 2021

Облыста алимент төлемей жүрген 140 ата-анаға іздеу жарияланды. Мұндай тасбауыр борышкерлерді табумен айналысатын арнайы топ құрылған. Оның құрамында тәжірбиелі сот орындаушылары мен прокуратура, көші-қон қызметінің мамандары да бар. Парызы қарызға айналған әкелерді іздестіру шараларының оңайға соқпайтынын айтады жауапты мамандар.

Топтың күшімен 140 борышкердің бүгінде небәрі бесеуі ғана табылды. Кей әкелер туған баласына нәпақа төлемеу мақсатында басқа облыста қағаз жүзінде тіркеуге тұратын көрінеді. Оларды іздестіру шынымен де қиын. Енді бұл мәселені көші-қон полициясының тікелей араласуы арқылы шешетін боламыз, - дейді сот орындаушылары.

Жалпы, облыста 14 мыңнан астам алимент төлеуші тіркелген. Олардың берешегі -  100 млн теңгеден асады. Жыл басынан бері соның тек 18 млн теңгесі ғана өндіріп алынды. Баласының алдындағы әкелік борышын өтеу үшін жұмыссыз жүрген 18 ата-ана еңбекпен қамтылған екен. Індет басталғалы бері алимент өндіру күрделене түсті, - дейді мамандар.

Жалпы, алимент төлеуге құлықсыз 300-ге жуық ата-ана сот орындаушылардың қара тізіміне іліккен. Олардың ішінде кейбірінің қарызы 3 млн теңгеден асады. Борышкер әкелер біле жүрер бір мәселені айта кеткен абзал. Бұрынғы отбасы болғанымен, бұрынғы бала деген болмайды.

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
20:37, 15 сәуір 2021
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАДЫ
20:28, 14 сәуір 2021
ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАД...
Толығырақ...
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
20:37, 15 сәуір 2021
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
Толығырақ...