ШҰҒЫЛ! 5-ШІ ШІЛДЕДЕН БАСТАП ЖАҢА ҚАУЛЫ КҮШІНЕ ЕНЕДІ Толығырақ

АЛИМЕНТ ТӨЛЕМЕГЕНДЕР ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

20:28, 21 маусым 2021

Елімізде ажырасатындар саны жылдан-жылға артып бара жатқанына байланысты алимент мәселесі өзекті. Нарық заманында жалғызбасты аналарға да бала асырау оңай емес. Өкініштісі, әкелердің дені ай сайынғы табысын балаларымен бөлісе бергісі келмейді. Алименттің түрлері мен жауапкершіліктен қашатындарға қолданылатын жаза жайында толығырақ тілші бейнематериалында.

Кез-келген бала некесіз, не заңды некеден туған болсын, алиментке құқылы. Тіпті, заңды түрде ажыраспай-ақ бірге тұрып жатқан әйелдер баласы үшін отағасынан алимент өндіре алады. Облыстық сот орындаушыларының көмегімен алимент өндіру туралы 15 мың атқарушылық іс қозғалған. Оның  166-сы әкімшілік жауакершілікке тартылып, 5-еуіне қылмыстық іс қозғалған.

Өңірде соңғы 6 айда 5 борышкер алиментті төлемегені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. «С» есімді борышкер де туған перзентіне алимент төлемей, жауапкершіліктен жалтарғаны үшін осындай жағдайға ұшырап отыр. Жауапсыз әкелерді табу қиынның қиыны, әйтсе де нәтиже жаман емес. 166 борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тарттық. Одан бөлек ішінара төлеу деректері кездесіп жатыр. Алимент өндіріліп жатыр. Онымен қоса борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту шаралары жалғасуда, дейді сот орындаушылар.

Жиналып қалған қомақты қарызын төлемей жүргендердің туыстары көбіне олардың жауапсыз әрекетінен бейхабар болып жатады. Сондықтан барынша қорғауға ұмтылады. Заң аясында міндеттелген талапты орындамайтын жандардың түрлі айлаға баратыны жасырын емес. Оларды жауапкершілікке тартудың да амалдары бар дейді сот орындаушылар.

Қазір жеке сот орындаушыларының қарауында 15 мыңға жуық іс жатыр. Мамандар, жауапкершіліктен қашқан әрбір әкені тауып, жазаға тартуға мүдделі. Ал "екі қолға бір күрек таппай жүрмін" деп сылтау айтқандарды жұмыспен қамту орталықтарындағы бос орындарға орналастырмақ. 

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

«ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ШАРТТАРЫ МЕН ТАЛАПТАРЫ
20:43, 29 шілде 2021
«ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ШАРТТАРЫ МЕН ТАЛАПТАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ӘКІМДЕРІН ТІКЕЛЕЙ САЙЛАУ - ХАЛЫҚ ДАУЫСЫ
18:10, 25 шілде 2021
АУЫЛ ӘКІМДЕРІН ТІКЕЛЕЙ САЙЛАУ - ХАЛЫҚ ДАУЫСЫ
Толығырақ...
Ауыл әкімдерін сайлау - саяси реформаларға жаңа серпін
14:10, 25 шілде 2021
Ауыл әкімдерін сайлау - саяси реформаларға жаңа серпін
Толығырақ...