ШҰҒЫЛ! ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

АБАЙЛАҢЫЗ, ТЕМІР ЖОЛ ТОРАБЫ!

10:56, 22 қараша 2021

Абайлаңыз, темір жол торабы! Осындай атаумен өңірде 15- 19 қараша аралығында жедел алдын-алу іс-шарасы өтті. Темір жол бойындағы әртүрлі бақытсыз жағдайлар мен тәртіп бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шара барысында желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жолаушылар тасқыны толастамайтын елді-мекен тұрғындарымен кезедесіп, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Толығырақ.

Биыл өңірде темір жол теліміне жақын орналасқан станцияларда малдың бірнеше мәрте жолға шығып кетуі орын алған. Соның салдарынан пойызды апатқа ұшырату қаупі төнгендіктен, оның алдын алу үшін локомотив машинистері шұғыл тоқтау тетігін қосуға мәжбүр болды. Пойызды бұлай шұғыл тоқтату вагондағы адамның жарақат алуы мен жүктің соқтығысуына әкелуі, оның зардабы оңайға соқпайтыны айтпаса да түсінікті. Ал пойыздың мал басуы дөңгелектің рельстен шығуына апарып соқтыруы әбден мүмкін дейді мамандар.

Мамандардың айтуынша, бағусыз, қараусыз жүрген малдың темір жолға шығып кетуі Сарыкөл, Алтынсарин аудандарында өте жиілеп кетті. Өйткені мал иелері таң атысымен малдарын өріске шығарып жібереді де, қарамайды.  Бұл пойыз қатынасына кедергі келтірумен қатар, адам өміріне де қауіп тудырады. Желілік полиция мамандары, темір жол бойында мал бағуға арналған арнайы ереже де бар екенін еске салады. Мәселен, малды жол табанынан 300 метр қашықтықта арқандап жаюға болады. Ал бос малды бағуға темір жолдан екі шақырым қашықтықта ғана рұқсат етілген.

Апат айтып келмейді. Ал темір жол бойынша оның ықтималдығы еселене түседі. Сондықтан, «Сақтансаң –сақтайды» деген қағиданы естен шығармаған абзал. Тәртіп сақшылары жолаушыларға пойыз келер алдында жол қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды, пойыз тоқтайтын сәтте вагондарға жақындамауды, балаларға абай болуды және белгіленбеген орындар арқылы темір жолдан өтуге болмайтындығын ескертеді.

Гүлжан Жеңіс, Олжас Есенжігітов, Қостанай тееларнасы

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕКЕ ҮЙДЕГІ ӨРТТЕН 7 ЖАСАР ҚЫЗ БАЛА КӨЗ ЖҰМДЫ
10:31, 25 қараша 2021
ЖЕКЕ ҮЙДЕГІ ӨРТТЕН 7 ЖАСАР ҚЫЗ БАЛА КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...
ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҚЫР-СЫРЫНА ҚАНЫҚТЫ
10:15, 25 қараша 2021
ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҚЫР-СЫРЫНА ҚАНЫҚТЫ
Толығырақ...
ЖАЛҒАН БАНКРОТТЫҚ ЖАРИЯЛАҒАН КӘСІПОРЫНДАРҒА ЖАЗА КҮШЕЙТІЛДІ
10:14, 25 қараша 2021
ЖАЛҒАН БАНКРОТТЫҚ ЖАРИЯЛАҒАН КӘСІПОРЫНДАРҒА ЖАЗА КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ
10:07, 25 қараша 2021
ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...