ШҰҒЫЛ! ЖЕЛІЛІК ПОЛИЦИЯ РЕЙД ӨТКІЗДІ Толығырақ

72 ЖАСТАҒЫ ЕР АДАМ КӨЛІКПЕН СУҒА БАТЫП КЕТТІ

11:00, 24 қараша 2021

Қостанай облысында зейнеткер екі ұлының көз алдында суға батып кетті. 72 жастағы ер адам Обаған өзенінен өтпек болған. Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай,

22 қарашада Меңдіқара ауданында екі ұлы, әкесі және тағы бір ер адам Харьков кентінен 40 шақырым жерде Обаған өзеніне балық аулауға барған. Сағат 21:20-да «112» нөміріне 1949 жылғы ер адамның жеңіл көлікпен өзеннен өтпек болып, суға батып кеткені туралы хабар түскен. 23 қарашада сағат таңғы 9:00-де құтқарушылар оқиға орнына жетіп, ер адамның мәйітін судан шығару жұмысына кіріскен. Ұлдары бұл жағдайды оқыс оқиға деп отыр. Біз желіні тексермек болып кетіп қалдық, әкеміз машиналарды күзетіп қалған. Мотордың дауысын естіп, әкеміздің көліктердің біріне мініп, жұқа мұздың үстімен жүріп кеткенін көрдік. Артынан жүгіріп барып, айқайладық, сигнал бердік. Әрі қарай ол суға батып кетті, біз оның артынан мұздың астына түстік. Бірақ, оны шығара алмадық. Әкеміздің мұндай қадамға неліктен барғанын түсіне алмай жатырмыз, біз мұнда бірнеше рет келгенбіз және қауіпті орындарды білеміз, - дейді қаза болған зейнеткердің ұлының бірі. Таңғы сағат 10:00-де сүңгуірлер мұз астынан мәйітті алып шығып, туыстарына тапсырды.

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН ТЕКСЕРДІ
14:09, 15 тамыз 2022
ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН ТЕКСЕРДІ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ БІРЕГЕЙ ЕМДЕУ ОРНЫНДА БОЛДЫ
14:08, 15 тамыз 2022
ПРЕЗИДЕНТ БІРЕГЕЙ ЕМДЕУ ОРНЫНДА БОЛДЫ
Толығырақ...
«ЕГІСТІК КҮНІ». ДИҚАНДАР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
14:07, 15 тамыз 2022
«ЕГІСТІК КҮНІ». ДИҚАНДАР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ
14:42, 10 тамыз 2022
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ МИНИСТРЛІККЕ БІРҚАТАР ТАПСЫРМА ЖҮКТЕДІ
14:43, 10 тамыз 2022
ПРЕЗИДЕНТ МИНИСТРЛІККЕ БІРҚАТАР ТАПСЫРМА ЖҮКТЕДІ
Толығырақ...
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ 1400-ДЕН АСТАМ  ҚЫЛМЫС ТІРКЕЛГЕН
14:45, 10 тамыз 2022
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ 1400-ДЕН АСТАМ ҚЫЛМЫС ТІРКЕЛГЕН
Толығырақ...