ШҰҒЫЛ! 30 АДАМДЫ КЕНЕ ШАҚҚАН Толығырақ

30 МЛН ЖЫЛ БҰРЫН ӨСКЕН АҒАШТЫҢ ДІҢІ ТАБЫЛДЫ

20:04, 29 сәуір 2021

Қостанай облысындағы темір рудасын өндіретін Қашар кен орнынан осыдан 30 млн жыл бұрын өскен ағаштың қалдығы табылды. Кісінің құшағы жетпейтін алып ағаштың діңі жақсы сақталыпты. Себебі жүздеген метр жер қыртысында жатып, уақыттың әсерімен тасқа айналған. Қашар кен орнының кіреберісіне қойылған есте жоқ ерте заманның жәдігерін тілші Дәуренбек Әбдібек алғашқылардың бірі боп тамашалап қайтты.

Қашар кенішінде темір рудасын өндіру үшін жер қыртысы теңіз деңгейінен 650 метр тереңдікке дейін қазылады. Мамандардың айтуынша көне дәуір жәдігерлері 100 метрдей төмен түскенде кездесе бастайды. Мысалы бұған дейін талай рет ағаштың ұсақ жаңқалары табылған. Ал бүтін, бұзылмаған діңі кен орнының тарихында бірінші рет ұшырасып отыр.

Кен орнының геологы Георгий Иваненко ежелгі ағаш діңін алғаш зерттегендердің бірі. Жәдігердің болжамды жасы мен қандай түрге жататынына да әзір тек осы жергілікті мамандар анықтама беріп отыр.

Қалай болғанда да бұл жәдігердің өте көне дәуірге жататыны анық. Ал оның жасы мен түрін нақтылау үшін палеонтолог мамандар тыңғылықты зерттеуі тиіс. Бірақ әзірге ешбір ғылыми орталық Қашардан табылған тас ағашқа қызығушылық танытпапты. Сондықтан кен орнының өзге де жәдігерлерімен бірге ашық аспан астында тұр. 2019-шы жылы  осы кен орнынан 5 млн жыл бұрынғы балықтың тасқа айналған қаңқасы табылған. Кейін ол Алматы қаласындағы табиғат мұражайына қойылған болатын.

Дәуренбек Әбдібек

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ 10 ЖЫЛҒА ҰЗАРТЫЛДЫ
20:10, 11 мамыр 2021
«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ...
Толығырақ...