ШҰҒЫЛ! АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЕСКЕРТУ ЖАРИЯЛАНДЫ Толығырақ

ТӨЛ ӨНЕРДІ ТӨРГЕ ОЗДЫРҒАН ӨЛКЕ

20:47, 25 қаңтар 2021

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы жарияланғаннан бері Тобыл-Торғай өңірінде толайым іс тындырылды. Осы орайда Ұлы дала елінің ұлттық құндылықтары ұлықталып, әдет-ғұрпы әспеттелді. Санамызды жаңғыртуға бағытталған бағдарлама аясында мәдениет саласына да мейлінше басымдық берілді. Бұл мүмкіндікті Алтынсарин ауданының өнерпаздары ұтымды пайдаланып, дәстүрлі әндерімізді дәріптеу мақсатында өз жұмыстарын жалғастырып келеді.

Қасиетті қара домбыраны қолға алып, қарт Торғай жайында толғау айтып отырған жас әнші – Серік Алпысов. Осы күні облыс көлемінде танылып үлгерген өнерпаз 2015-ші жылдан бері Алтынсарин аудандық мәдениет үйінде қызмет атқарады. Өз өмірін өнермен байланыстырған ол әкесінің, есімі елге танымал жыршы-термеші Нағашыбай Алпысовтың жолын жалғастыруды көздейді. Негізгі мақсаты – ұлттық нақыштағы әндерді насихаттау.

Ауданның мәдениет үйі тек вокалдық тұрғыда ғана жұмыс істемейді. Өнер саласы бойынша барлық бағыттарды қамтиды. Әсіресе, ұлттық аспаптардың үнін ұрпақ жадына қондыру мақсатындағы жұмысын жалғастырып келеді. Осы орайда «Мұрагер» ансамблін айрықша айта кетуге болады.

Қазіргі таңда «Мұрагер» ансамблі қазақ елінің көрнекті композиторларының және  Тобыл-Торғай өңірінен шыққан сазгерлердің туындыларын орындайды. Бүгінде бұл өнер ұжымының репертуарында 40 шығарма бар. Жеткен жетістіктері де жетерлік. Осыдан 5 жыл бұрын өңір көлемінде өткен «Серпер», «Ғасырлар пернесі», «Қазақ хандығының 550 жылдығына» арналған ансамбльдер фестивалінде бірнеше рет жүлделі орындар иеленген.

Тақырып бойынша материалдар

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» САЛТТЫ САҚТАП, ДӘСТҮРДІ ДӘРІПТЕЙДІ
20:48, 19 ақпан 2021
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» САЛТТЫ САҚТАП, ДӘСТҮРДІ ДӘРІПТЕЙДІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ЖОБАЛАР
20:45, 19 ақпан 2021
ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ЖОБАЛАР
Толығырақ...
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ»: КӘСІПКЕРЛЕР МЕН ТҰРҒЫНДАР МЕШІТ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
20:50, 29 қазан 2020
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ»: КӘСІПКЕРЛЕР МЕН ТҰРҒЫНДАР МЕШІТ ҚҰРЫЛЫСЫНА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

САУАТТЫ АУДАРМАҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
20:47, 24 ақпан 2021
САУАТТЫ АУДАРМАҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...