
Осы жыл Отан үшін орасан маңызға ие. Себебі, сан ғасыр бойы ата-балалар аңсаған тәуелсіздігімізге - 30 жыл! Осыған орай облыс көлемінде қазірден бастап көптеген кешенді шаралар көрініс тауып келеді. Ел егемендігінің мерейтойына арналған жобаларды жүзеге асыруға атқарушы билік өкілдерімен қатар үкіметтік емес ұйымдар да белсенді түрде атсалысуда. Мысалы, «Саналы ұрпақ – 2050» қоғамдық қорынының тәуелсіздік тойына орайластырылған өзіндік бағдарламасы бар.
Бүгінде үкіметтік емес ұйымдардың саясаттағы, экономика және мәдени-әлеуметтік саладағы маңыздылығы артқан. Демек, азаматтық сектор билік пен бұқара арасында делдал қызметін атқарады. Егемендіктің 30 жылдығына орай Қостанайдағы қоғамдық қор үш бірдей жобаны жүзеге асырмақ.
Биыл біз «Тәуелсіздік тағылымы», «Рухани жаңғыру» және Президент Жолдауын халыққа түсіндіру бағытындағы жұмыстарымызды бастадық. Алғашқы аталған жобаны жүзеге асыру желтоқсан айына дейін жалғасады. Оның мақсаты – ел табиғатын, тарихи ескерткіштері мен сан саладағы жеңісін көрсету. Осы орайда біз Тобыл өңірінің тәуелсіздік жылдарындағы 10 ірі жетістігін назарға ұсынбақпыз.
Қоғамдық қор «Рухани жаңғыру» жобасы бойынша екі жылдық жоспар әзірлеген. Бірінші кезеңі биыл орындалса, кейінгісі келер жылға шегерілді. 2022- жылы бағдарламаның жариялануының бес жылдығына орай арнайы жинақ шығарылмақ. Оған облыста атқарылған шаралар тізімі енгізіледі. Ал, Жолдауды түсіндіру жұмысы қалай жүргізіледі? Өздері айтсын.
Карантин кезінде бұл жобалар онлайн жүргізілмек. Егер жағдай тұрақталар болса, біз түрлі деңгейдегі кездесулер өткізіп, тұрғындамен кері байланыс орнатамыз, - дейді қоғамдық қор мүшелері.