ШҰҒЫЛ! АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЕСКЕРТУ ЖАРИЯЛАНДЫ Толығырақ

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» САЛТТЫ САҚТАП, ДӘСТҮРДІ ДӘРІПТЕЙДІ

20:48, 19 ақпан 2021

Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында жаһандану дәуіріндегі қазақстандық мәдениеттің бүгіні мен ертеңіне ерекше мән берген. Халқымыздың сан ғасыр бойы сақтап келген салт-дәстүрі, тілі мен ділі – ұлттық құндылықтарымызың өшпес белгісі. Әлем елімізді мәдени жетістіктер қырынан да тануы тиіс. Осы орайда «Рухани жаңғыру» - ұлттық мүдде жолындағы теңдесі жоқ бағдарлама, - дейді Б. Майлин ауданының кітапханашылары.

«Рухани жаңғыру» – ұлтты ұйыстыратын ұлы құндылық. Елбасы осы мақаласында   өткен кезеңді терең зерттеп, бір жүйеге келтіру керектігін айтты. Яғни тек тарихи деректер ретінде ғана емес, жалпақ жұрт түсінетін мәдени дүниеге айналдыру мәселесін қозғады. Осы орайда кітапханалардың атқаратын рөлі орасан дегенді меңзейді аудандағы рухани қазына қоймасының қызметкерлері.

Бағдарлама Қазақстанның бай тарихын кеңінен танытып, насихаттауға бағытталған. Еліміздің ежелгі өмірін одан әрі зерттеу және мұрағат саласын кешенді дамыту мақсатында «Архив-2025» жобасы ұсынылды. Аталмыш бағдарламаның арқасында, көптеген маңызды құжаттар мен деректер табылып, облыстық архив қызықты әрі тың мәліметтермен толығуда.

Кітапхана қызметіндегі өзгерістер мен ресми қабылданған шешімдер ықпалы алдағы уақыттта іске асуы тиіс шаралардың сұлбасын аңғартты. Ұлттық құндылықтарды бойымызға сіңіре отырып, рухани жаңғыру – бізді болашаққа бастайтын бағыт-бағдарымыздың белгісі, - дейді кітапханашылар.

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ЖОБАЛАР
20:45, 19 ақпан 2021
ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ЖОБАЛАР
Толығырақ...
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ»: КӘСІПКЕРЛЕР МЕН ТҰРҒЫНДАР МЕШІТ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
20:50, 29 қазан 2020
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ»: КӘСІПКЕРЛЕР МЕН ТҰРҒЫНДАР МЕШІТ ҚҰРЫЛЫСЫНА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

САУАТТЫ АУДАРМАҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
20:47, 24 ақпан 2021
САУАТТЫ АУДАРМАҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...