ШҰҒЫЛ! ЖОСПАР ОРЫНДАЛМАҒАН КЕЙБІР ӨҢІРДЕ БАЛАБАҚШАМЕН ҚАМТУ ҚАРҚЫНЫ ТӨМЕН Толығырақ

КИЕЛІ МЕКЕНДЕР КАРТАСЫ ЖАҢА НЫСАНДАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

20:38, 10 желтоқсан 2019

Қойнауы сырға толы Тобыл-Торғай даласының жалпыұлттық және өңірлік маңызы бар киелі мекендер картасы биыл тағы басқа да нысандармен толықты. Бұл жөнінде Қостанай облысының әкімдігінде өткен селекторлық жиында мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов мәлімдеді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жасалған қасиетті орындар картасына әуелде 29 нысан енгізілген еді. Атап айтқанда, жалпыұлттық маңызы бар – 10, өңірлік маңызы бар 19 нысан тіркелген. Биыл тағы тоғызы қосылып, картадағы тізім саны 38-ге жетіп отыр. Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақовтың айтуынша, киелі орындардың қолжетімділігін арттыру және инфрақұрылымды дамытуға арналған Жол картасын жүзеге асыруға 175 млн теңге жұмсалған.

2020 жылы тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығын ашу қажет. Басқарма басшысы облыс әкіміне осындай ұсыныс айтты. Мұндай мекемелер еліміздің басқа өңірлерінде жемісті жұмыс істеп келеді дейді ол. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов ұсынысты қолдайтынын білдірді.

Жиында айтылғандай, тоғыз аудан үш қаладағы тарихи және мәдени ескерткіштердің қорғау аймақтарын анықтау, табиғатын зерттеу де маңызды мәселе болып отыр. Алдағы уақытта осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 8,5 млн теңге бөлінбек.

Аслан Қанғожин

Тақырып бойынша материалдар

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУ НӘТИЖЕСІ
20:09, 8 шілде 2021
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУ НӘТИЖЕСІ
Толығырақ...
«РУХАНИ ҚАЗЫНА – 2021» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
20:07, 27 мамыр 2021
«РУХАНИ ҚАЗЫНА – 2021» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: БЫЛТЫР 14 МЕКТЕП ЖӨНДЕЛІП, 21  СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНДЫ
20:56, 22 сәуір 2021
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: БЫЛТЫР 14 МЕКТЕП ЖӨНДЕЛІП, 21 СПОРТ АЛАҢЫ С...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ-МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
12:47, 5 тамыз 2022
«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ-МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Толығырақ...
МҮГЕДЕКТІГІ БАР БАЛАЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ ТЕГІН ЖҮРЕ АЛАДЫ
12:47, 5 тамыз 2022
МҮГЕДЕКТІГІ БАР БАЛАЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ ТЕГІН ЖҮРЕ АЛАДЫ...
Толығырақ...