ШҰҒЫЛ! «АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ БАҚЫЛАУДА Толығырақ

ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ

10:23, 12 қаңтар 2022

Ал Қостанай облысында пандемия басталғаннан бері 40 мыңнан астам адамнан вирус анықталды. Инфекциялық төсектердің жүктемесі бүгінде 10% - ды құрайды. Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысында өңірдегі эпидемиологиялық ахуал талқыланды.

Қостанай облысы эпидемиологиялық ахуал бойынша «жасыл» аймақта болғанымен, босаңсуға болмайды. Себебі, әлемде «омикрон» штамы өршіп тұр. Қоғамдық орындарда карантин талаптарына салғырт қарау індет жұқтыруға сеп болуы мүмкін.

Вакцинация мен ревакцинациядан бөлек карантиндік шектеулерді сақтауға ерекше көңіл бөлінуде. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес жұмыс және демалыс күндері сауда-ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлеріне кіруге қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіз "жасыл" мәртебесі болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Облыс бойынша 2021 жылдың 1 желтоқсанынан бастап 1 230 рейдтік іс-шара өткізіліп, 70 карантиндік бұзушылық анықталды. Қостанай шаһарында коронавируспен күрес барысы туралы қала әкімі Қайрат Ахметов баяндады.

Кеншілер қаласында да Ковид-19-ға қарсы күрес жалғасуда. Жыл басынан бері "ашық" жобасына қатысу үшін 400-ден астам бизнес нысаны өтініш жіберген. Мониторингтік топтардың жұмысы қауырт. 1 жылда 999 рейд жүргізілді, 136 бұзушылық анықталды. Соңғы мәліметтер бойынша Рудный қаласында 1-ші компонентпен 54 мыңнан астам адам, екінші компонентпен 52 мың адам егілді.

Коронавирустың омикрон штамы әлемнің 130 елінде анықталды. Мұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеп отыр. Және де ковидтің жаңа түрі елімізде де табылып отыр.Сондықтан санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды күшейту керек деді, өңір басшысы. Вакцина жаңа штамм жұқтырғандардың ауруын жеңілдетеді, дейді мамандар. Сол себепті, облыс әкімі жауапты сала өкілдеріне вакцинация жұмыстарының қарқынын күшейту керек деп тапсырма берді.

Тақырып бойынша материалдар

ЖАҢА ҚАУЛЫ. ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ
12:59, 20 қаңтар 2022
ЖАҢА ҚАУЛЫ. ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...
АУДАНДАРДА ВАКЦИНАНЫҢ БАРЛЫҚ ТҮРІ ҚОЛЖЕТІМДІ
12:58, 20 қаңтар 2022
АУДАНДАРДА ВАКЦИНАНЫҢ БАРЛЫҚ ТҮРІ ҚОЛЖЕТІМДІ
Толығырақ...
ЭПИДАХУАЛ НАШАРЛАДЫ. ОБЛЫСТА ШЕКТЕУЛЕР ЕНГІЗІЛДІ
10:58, 19 қаңтар 2022
ЭПИДАХУАЛ НАШАРЛАДЫ. ОБЛЫСТА ШЕКТЕУЛЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕАЭО ЕЛДЕРІНДЕ ОРТАҚ ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ НАРЫҚ БОЛАДЫ
11:02, 19 қаңтар 2022
ЕАЭО ЕЛДЕРІНДЕ ОРТАҚ ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ НАРЫҚ БОЛАДЫ
Толығырақ...
 ҰҚШҰ ӘСКЕРІ ҚАЗАҚСТАННАН ТОЛЫҒЫМЕН КЕТТІ
11:03, 19 қаңтар 2022
ҰҚШҰ ӘСКЕРІ ҚАЗАҚСТАННАН ТОЛЫҒЫМЕН КЕТТІ
Толығырақ...
ДЕПУТАТ: ТӘРТІПСІЗДІКТЕН ЗАРДАП ШЕККЕН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ
11:01, 19 қаңтар 2022
ДЕПУТАТ: ТӘРТІПСІЗДІКТЕН ЗАРДАП ШЕККЕН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ...
Толығырақ...