ШҰҒЫЛ! ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ

10:43, 24 қараша 2021

Пандемия басталғаннан бері Қостанай облысында 39 мыңнан астам адамнан вирус анықталды. Инфекциялық төсектердің жүктемесі бүгінде 27% - ды құрайды. Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысында өңірдегі эпидемиологиялық ахуал талқыланды.

Облыс әкімдігінде «ашық» жобасын енгізу, мониторингтік топтардың жұмыс барысы, сондай-ақ өңірде вакцинация жүргізу мәселелері талқыланды. Мәселен, Әулиекөл ауданында бүгінгі таңда,бірінші компонентпен халықтың 77% егілді.Қостанай облысында ковид-19 вирусына қарсы ревакцинация науқаны басталды. Ол үшін емханаларда вакциналар қолжетімді. Бірінші кезекте ревакцинация медицина мамандары, педагогтар, медициналық-әлеуметтік мекеме қызметкерлеріне, сондай-ақ 60 жастан асқан қарт кісілерге жасалады.Өңір басшысы қала және аудан әкімдеріне екпе егу жұмыстарын бақылауда ұстауды тапсырды.Кездесу қорытындысы бойынша өңір басшысы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен ішкі саясат басқармасына вакцинация қарқынын күшейту мәселесін ерекше бақылауда ұстауды және жоспардың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Тақырып бойынша материалдар

РЕВАКЦИНАЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
10:18, 25 қараша 2021
РЕВАКЦИНАЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
ФЕДОРОВ АУДАНЫНДА ХАЛЫҚТЫҢ 75% ЕКПЕ АЛҒАН
11:03, 23 қараша 2021
ФЕДОРОВ АУДАНЫНДА ХАЛЫҚТЫҢ 75% ЕКПЕ АЛҒАН
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙ АУДАНЫНДА ЕКІ КҮНДЕ 38 БАЛА ЕКПЕ АЛДЫ
11:00, 23 қараша 2021
ҚОСТАНАЙ АУДАНЫНДА ЕКІ КҮНДЕ 38 БАЛА ЕКПЕ АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ
10:07, 25 қараша 2021
ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...