ШҰҒЫЛ! ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ Толығырақ

ЖАҢА ҚАУЛЫ: ВАКЦИНА ПАСПОРТЫ ҚАҒАЗ НҰСҚАДА ДА БЕРІЛУДЕ

20:28, 4 маусым 2021

Еліміздің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа Қаулысына сәйкес, екпе алған Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына вакцина паспорты талап ету бойынша қағаз тасығышта 2021 жылғы 1 маусымынан бастап берілетіні айтылған. Қаулы бойынша мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі адамдарды коронавирусқа қарсы вакциналау үй-үйде ұйымдастырылмақ. Вакциналау паспортының қағаз нұсқасын қалай алуға болатынды және бұл жүйе не себепті енгізіді? Толығырақ келесі бейнематериалда.

1-ші маусымнан бастап, медициналық ұйымдар вакцина алған адамдарға қағаз анықтамалар беруде. Онда екпе салдырған азамат жайлы барлық ақпараттар жазылған. Паспортты электронды немесе қағаз түрінде алып жүруге болады. Вакцинация паспорты екпенің екі кезеңін өткеннен кейін ғана қолға ұсынылады. Анықтамада пациент туралы толық ақпарат көрсетілген дейді мамандар.

Анықтама үш тілде жасалған. Шығарылған паспортта QR код болады. Оны сканерлеу арқылы екпе салғаны туралы ақпаратты кез келген жерде дәлелдеуге болады. Ал шетелде коронавирусқа қарсы екпе салдырған қазақстандықтар туралы мәліметтер 1 шілдеден бастап еліміздің деректер қорына енгізіледі.

Қағаздан анықтама алу үшін азаматтар вакцинация пунктіне немесе емханаға жүгінуі керек Паспорттың қағаз түрі «Вакцинацияның бірыңғай базасы» арқылы беріледі. Бұл мәліметтер базасында медициналық мекеменің қызметкері адамның ЖСН енгізіп, вакцинация туралы қажетті мәлімет таба алады. Сондай-ақ, азаматтар егу төлқұжатын egov мобильді қосымшасы арқылы жүктей алады, оны қарау үшін ЭЦҚ кілті қажет емес, тек  смс арқылы бірреттік құпия сөзі болса болғаны.

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

КӨРУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ЖАБДЫҚ
20:15, 18 маусым 2021
КӨРУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ЖАБДЫҚ
Толығырақ...
ҮЗДІК МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
20:14, 18 маусым 2021
ҮЗДІК МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ
20:45, 16 маусым 2021
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖ...
Толығырақ...
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
21:24, 16 маусым 2021
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 17 маусым 2021
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...