ШҰҒЫЛ! 30 АДАМДЫ КЕНЕ ШАҚҚАН Толығырақ

ВИРУСТЫ ЖЕҢУДІҢ ЖОЛЫ – ВАКЦИНАЦИЯ

20:26, 13 сәуір 2021

Енді Қостанай облысының 18 жастан асқан кез келген тұрғыны өзінің тұрғылықты жері бойынша емханасына барып, вакцина салдыруына болады. Өңірдегі 62 егу пунктінде екпе саны жеткілікті. Бірнеше күн бұрын 1-ші компонентті вакцинаның 8000 дозасы және 2-ші компонентінің 4800 дозасы келді. Бүгінге дейін 12 мың 400 қостанайлыққа екпе егілген. Олардың арасында теріс реакция байқалып, денсаулығына кері әсерін тигізгендер қатары жоқ.

Бүгінде облыста жыл басынан бері ковид-19 инфекциясының 14 мың 200-ден астам жағдайы тіркелсе, соңғы тәулікте 30 адам вирус жұқтырған. Өкінішке орай,елімізде  індет күннен күнге өршіп барады. Ал, оны жеңудің жалғыз жолы – вакцинация, -дейді мамандар. Тұрғындардың ерікті түрде вакцина салдыруына емханаларда барлық жағдай жасалып отыр.

Ал,65 жастан асқан қариялар қарсы көрсетілім болмаса екпе алуына болады. Коронавируспен ауырғандар елдегі протоколға сәйкес екі компонентті де алады. Кезекті күтпей ақылы вакцинациялау мәселесі әлі шешілген жоқ. Ұжымдық иммунитет қалыптасуы үшін халықтың 55 пайызы екпемен қамтылуы тиіс.  
 

Қазіргі таңда облыстың 31 медицналық мекемесінде екпе егу жұмыстары жүргізілуде. Қажеттілік туындаса  ірі сауда орталықтары мен қонақ үйлердің базасында ұйымдастырылады. Кезек күтпей, алдын ала жазылу үшін egov мобильді қосымшасы арқылы өтініш беруге немесе 109 нөміріне хабарласуға болады. Сәуір айының соңына дейін өңірге 45 мың  400 доза вакцина жеткізіледі. Сондықтан екпе тапшылығы болмайды дейді жауапты мамандар.

Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЛАУ БЕЛСЕНДІ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР
20:18, 4 мамыр 2021
COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЛАУ БЕЛСЕНДІ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ 10 ЖЫЛҒА ҰЗАРТЫЛДЫ
20:10, 11 мамыр 2021
«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ...
Толығырақ...