ШҰҒЫЛ! 30 АДАМДЫ КЕНЕ ШАҚҚАН Толығырақ

ВАКЦИНА АЛУШЫЛАРДЫҢ САНЫ АРТУДА

20:40, 15 сәуір 2021

Облысымызда короновирустық инфекцияға қарсы екпе егу науқанының қарқыны жоғары. Бүгінде вакцинаны салдырғандардың саны 15 мыңнан асты. Бұл көрсеткіш күн сайын көбеюде. Мамандар азаматтардың белсенділігі артқанын айтады. Толығырақ тілші материалында.

Облыста коронавирустық инфекцияға қарсы екпе егу жұмыстары жалғасып жатыр. Ақпан айынан бері аймағымыздың 15 мыңнан астам тұрғынына вакцина салынған. Науқанның басында күніне екпені 20-50 шақты адам қабылдаса, қазір бір күнде 2000-нан астам азамат алуда.

Емханаларда ұзын-сонар кезекті болдырмау және ауру таралу деңгейін төмендету мақсатында жылжымалы екпе егу пунктері де әзірленуде. Алғашқысы «Қостанай Плаза» ойын-сауық орталығында тұрғындарға қызмет көрсетін болады.  Сонымен қатар екпе жасауға болатын санаттағы тұлғалардың тізімі де кеңейтілді. Жаңа қаулыға сәйкес, енді 65-жастан асқан егде кісілер де екпе салдыру мүмкіндігіне ие.

«Спутник-ви» вакцинасы адам ағзасына енгізілгеннен кейін 2 жылға дейін жарамды. Осы уақытқа дейін екпе қабылдағандардың денсаулығына қатысты ешқандай жағымсыз жағдай тіркелмеген. Ал дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, екпе салынған орынның ісуі – қалыпты реакция екенін еске салады мамандар.

 

Назгүл Шабдарова

Тақырып бойынша материалдар

COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЛАУ БЕЛСЕНДІ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР
20:18, 4 мамыр 2021
COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЛАУ БЕЛСЕНДІ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ 10 ЖЫЛҒА ҰЗАРТЫЛДЫ
20:10, 11 мамыр 2021
«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ...
Толығырақ...