ШҰҒЫЛ! ОРГАНИКАЛЫҚ ӨНІМ ӨНДІРІП, ӨТКІЗУ ҮШІН ЗАҢ ЖЕТІЛДІРІЛДІ Толығырақ

ВАКЦИНА АЛМАҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ТЕКСЕРУ БАСТАЛАДЫ

10:15, 18 қыркүйек 2021

Қазақстанда вакцина алмаған қызметкерлерді тексеру басталады. Ол үшін денсаулық сақтау министрлігі, мүдделі мемлекеттік органдар және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы алгоритм әзірледі. Мониторингтік топ қызметкердің вакцина алмағанын анықтаса, оған жұмыс беруші әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін. Кәсіпорындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін арнайы топ бүгін рейдке шықты.

Екпе алуға міндетті қызметкерлер үшін вакцинаның қос компонентін салғызу мерзімі 1-қыркүйекте аяқталды. Осыған орай Қостанайда облысында қазір мобильді топ жұмылдырылған. Шаһардағы коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитеті төмен кәсіпорындардың тізімі дайындалып жатыр.

Бұл -астықты қайта өңдеумен және ұн өндірумен айналысатын кәсіпорын. Өнімін ішкі нарықпен қатар шетелге де экспорттайтын серіктестіктің жұмысы бір сәтке де тоқтамауы тиіс. Сол себепті, кәсіпорын аумағында карантиндік жағдайды болдырмау үшін мұнда жұмыс істейтін әр бір қызметкердің екпе алуы маңызды.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, індет жұқтырғандардың 99,9 пайызы вакцина алмағандар. Статистикаға сүйенсек, 7070 адам екпенің бірінші компонентін салдырғаннан кейін коронавируспен ауырған. Мәселен, Спутник Ви препаратын алған 5 миллион 700 мыңға жуық адамның тек 0,1 пайызы COVID-19 жұқтырған.

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕ БАСТАДЫ
16:14, 26 қазан 2021
ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕ БАСТАДЫ
Толығырақ...
БАЛАЛАРҒА ЕКПЕ 12 ЖАСТАН БАСТАП САЛЫНАДЫ
10:36, 22 қазан 2021
БАЛАЛАРҒА ЕКПЕ 12 ЖАСТАН БАСТАП САЛЫНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҰЗЫНКӨЛ-МЕҢДІҚАРА: «ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!»
09:09, 21 қазан 2021
ҰЗЫНКӨЛ-МЕҢДІҚАРА: «ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!»
Толығырақ...
СЕНАТТА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
09:16, 21 қазан 2021
СЕНАТТА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ Қ...
Толығырақ...