ШҰҒЫЛ! "ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!" Толығырақ

ВАКЦИНА АЛҒАНДАР АРАСЫНДА КӨЛІК ОЙНАТЫЛДЫ

11:40, 7 қазан 2021

Жаңа Chevrolet Nexia көлігі өз иесін тапты. Қостанайда 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында вакцинаның бірінші компонентін алғандар арасында автокөлік ұтысы ойыны өтті. Оған 73 мыңнан астам адам қатысқан. Жеңімпаз «Рандомайзер» бағдарламасының көмегімен тікелей эфирде таңдалды.Ұтыс ойыны туралы ақпарат екі айдан астам уақыт бұрын жарияланған болатын. 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында екпе алған облыс тұрғындары автоматты түрде автокөлік ұтысына қатысты. Аталған кезеңде 73477 адам егілген. Жеңімпазды таңдау арнайы рандомайзер бағдарламасы арқылы кездейсоқ тандалды, онда барлық қатысушылардың тізімі көрсетілген. Барлығы ашық және әділ.Ұтыс ойынының нәтижесі бойынша Рудный қаласының тұрғыны Chevrolet Nexia автокөлігнің иесі атанды. Ұйымдастырушылар сол жерде жеңімпазбен байланысқа шықты. Әуелде сене алмаған Валентина Брум, кейін қуанышын жасыра алмады. Бұндай тосын сыйды күтпедім, дейді жеңімпаз.Бұл вакцина салғандарды ынталандыру мақсатында жасалып жатқан алғышқы ұтыс ойыны емес. Осыған дейін де ұялы телефондармен, тұрмыстық техникалар сонымен қатар, шипажайларға жолдама ойнатылған еді. Бұндай ұтыс ойындары маусым айынан бері Қазақстаннын барлық аумақтарында өткізіліп жатыр. Жер жерде ұйымдастырылып жатқан акциялар елдегі вакциналау қарқынын үдете түскен.

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАЛАРҒА ЕКПЕ 12 ЖАСТАН БАСТАП САЛЫНАДЫ
10:36, 22 қазан 2021
БАЛАЛАРҒА ЕКПЕ 12 ЖАСТАН БАСТАП САЛЫНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҰЗЫНКӨЛ-МЕҢДІҚАРА: «ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!»
09:09, 21 қазан 2021
ҰЗЫНКӨЛ-МЕҢДІҚАРА: «ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!»
Толығырақ...
СЕНАТТА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
09:16, 21 қазан 2021
СЕНАТТА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ Қ...
Толығырақ...