ШҰҒЫЛ! «NUR OTAN» «ПУТЬ ПЕРЕМЕН: ДОСТОЙНУЮ ЖИЗНЬ КАЖДОМУ!» Толығырақ

ТАЛОН НЕГЕ ЖЕТІСПЕЙДІ?

20:19, 4 ақпан 2020

Кейінгі уақытта Қостанайдағы онкологиялық емханада талон жетіспеуіне байланысты пациенттердің шағымы жиілеп кетті. Дәрігерлер тұрғындарды Damu Med мобильді қосымшасының көмегімен немесе телефонға қоңырау соғып, алдын ала жазылуға шақырып отыр. Сондай-ақ, аудандық емханалар арқылы да жазылу мүмкіндігі барын ескертеді. Емхана күн сайын 300-ден астам адамды қабылдайды. Әйтсе де, маман тапшылығы байқалады. Емхана басшылығы бұл мәселе биыл шешіледі деген сенімде. Тақырыпты тілшіміз сабақтасын.

Күндік нормасы 300 адамға есептелген Қостанай онкологиялық емханасы 50-60 пациентті артық қабылдап жүр. Дәрігерге жол нұсқайтын алақандай қағаз үшін тұрғындар таң бозынан кезекке тұрады. Талон бәріне бірдей жетпейді, арыз-шағымның көбейіп кеткені сондықтан. Дәрігерлер таңғы жетіден емхана маңын торуылдамай, мамандарға алдын ала жазылуға кеңес береді.                                               

Дәрігерлердің айтуынша, мұнда келушілердің шамамен 30%-нда диагноз белгілері бірінші рет анықталған. 2019 жылы диагностикалық қызметті қоспағанда, онкодиспансер емханасында 54 мыңнан астам адам қаралған.                                         

Емханада кадр тапшы, алайда, мәселе осы жылы түбегейлі шешілуі тиіс. Былтыр дәрігерлер қатары хирургтармен толыққан еді, биыл радиология мен химиотерапия мамандары шақырылып отыр.                                                  

Бүгінде Қостанай онкодиспансерінде 13 мыңнан артық адам есепте тұр. Жыл сайын 2 жарым мың адам есепке алынады. Өткен жылы жүргізілген скрининг кезінде аурудың алғашқы кезеңі анықталғандар көлемі 7%-ға көбейген. Дәрігерлердің айтуынша, бұл дерек науқастардың айығып шығуына мүмкіндік мол екенін көрсетеді.
Аслан Қанғожин

Тақырып бойынша материалдар

«ӨЗ ЕМХАНАҢДЫ ТАҢДА» НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
09:58, 16 қыркүйек 2021
«ӨЗ ЕМХАНАҢДЫ ТАҢДА» НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
09:49, 16 қыркүйек 2021
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫ
09:54, 14 қыркүйек 2021
КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫ
Толығырақ...