ШҰҒЫЛ! ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ Толығырақ

СКРИНИНГТІК ТЕКСЕРУ АКЦИЯСЫ

20:40, 10 маусым 2021

Қостанай қаласындағы ірі сауда орталықтарының жанында денсаулық акциясы өтті. Шара аясында облыс орталығының жүздеген тұрғыны скринингтік тексеруден өту мүмкіндігіне ие болды. Дәрігерлер олардың бойы мен салмағын анықтап, қан қысымы, қандағы холестирин мен қант деңгейін өлшеп берді.

Наталья Коваленко скринингтің пайдасы туралы жақсы біледі. Ауруды дер кезінде анықтап, оны сауықтырмаса кеш болатынын да жақсы түсінеді. Алайда, жұмыста жүргенде тексеруден өтуге уақыт табылмайтынын айтады. Енді аталмыш акцияның арқасында қан қысымын өлшеп, басқа да медициналық қызметтерді тегін пайдалану мүмкіндігін алды.

Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде осындай шаралар жиі өтіп тұрады. Ондағы мақсат - қауіпті ауруларды ерте анықтау.

Дәрігерлер соңғы кездері ауруын әбден асқындырып алып, емделуге кеш келетіндердің көрсеткіші төмендегенін айтады. Ауырып ем іздегеннен гөрі ауырмаудың жолын іздейтіндер скринингтік мүмкіндігін пайдалануда.


Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

КӨРУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ЖАБДЫҚ
20:15, 18 маусым 2021
КӨРУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ЖАБДЫҚ
Толығырақ...
ҮЗДІК МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
20:14, 18 маусым 2021
ҮЗДІК МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ
20:45, 16 маусым 2021
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖ...
Толығырақ...
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
21:24, 16 маусым 2021
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 17 маусым 2021
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...