ШҰҒЫЛ! ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

РЕВАКЦИНАЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

10:18, 25 қараша 2021

Қостанайда коронавирусқа қарсы ревакцинациялау жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. 9 ай бұрын инфекцияға қарсы вакцина алған азаматтар қазір медициналық ұйымдарда қайта екпе салдырып жатыр.

Ковидке қарсы екпенің үшінші құрамдас бөлігін алғашқылардың бірі болып Қостанай облысының Бас санитарлық дәрігері және Денсаулық сақтау басқармасының басшысы   салдырды. Бұл жолы олар Qazvac вакцинасын қабылдаған. Вакцина салғаннан кейін ағзада шамамен үш апта өткенде коронавирусқа қарсы иммунитет пайда болады, сондықтан қорықпай екпе алу керек, дейді  Ермұхан ДәулетбаевҚазір емханада медициналық қызметкерлер, санитарлық- эпидемиологиялық қызмет мамандары екпені қайта салдыруда. Сондай-ақ бұл тізімге педагогтар, әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері және студенттер кіреді. Денсаулық сақтау басқармасынын басшысы Рүстем Айтбаевтың сөзінше, бұған дейін  екі компанентті салдырған адамның ағзасында ковидке қарсы антидене қалыптасқанымен олар біраздан кейін өз күштерін жояды, сондықтан қайта екпе алу маңызды.   
Айта кетейік, қазір Қостанайда  коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 337 790 адам, екінші компонентпен 315 523 адам вакцинацияланды. Ал Пфайзер екпесін 270- тен астам адам салдырған.

Тақырып бойынша материалдар

ФЕДОРОВ АУДАНЫНДА ХАЛЫҚТЫҢ 75% ЕКПЕ АЛҒАН
11:03, 23 қараша 2021
ФЕДОРОВ АУДАНЫНДА ХАЛЫҚТЫҢ 75% ЕКПЕ АЛҒАН
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙ АУДАНЫНДА ЕКІ КҮНДЕ 38 БАЛА ЕКПЕ АЛДЫ
11:00, 23 қараша 2021
ҚОСТАНАЙ АУДАНЫНДА ЕКІ КҮНДЕ 38 БАЛА ЕКПЕ АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ
10:07, 25 қараша 2021
ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...