ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ ОРАЗА Толығырақ

ПОЛИЦЕЙЛЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНА САЛДЫРТЫП ЖАТЫР

20:46, 7 сәуір 2021

Алтынсарин ауданында полицейлер коронавирусқа қарсы екпе алуды бастады. 2 күн ішінде 60-тан астам тәртіп сақшысы вакцина салдырып үлгерді. Мамандардың айтуынша, мамыр айының соңына дейін аталған сала қызметкерлері толық вакцинацияланады.

Бұл – Алтынсарин ауданының учаскелік полицейлері мен ішкі істер саласының ардагерлері. 2 күннен бері олар COVID-19-ға қарсы Спутник V» вакцинасын салдырып жатыр. Емханаға кезең-кезеңмен келіп, екпе алып жатқандардың дені -  патрульдік полиция қызметкерлері. Арнайы жасақ құрамы да қауіпті індеттен сақтану үшін екпе салдыруды жөн көрген. Солардың бірі — инспектор Диас Сағындық.  Айтуынша, вакцинадан кейінгі жағдайы жақсы. «Екпені алу арқылы ең алдымен жақындарын, әріптестерін инфекциядан қорғаймын», - дейді.

Аудан емханасында вакцинациялауға арналған жеке кабинет жабдықталған. Кабинетте дәрігер, екпе салатын медбике мен тіркеуші медбике жұмыс істейді. Вакцинаны алғандар 30 минут бойы дәрігердің қадағалауында болып, екпенің әсерін бақылайды. . Вакцинациядан соң дене қызуы көтерілу тәрізді қандай да бір белгілер пайда болған қызметкерлер жұмыстан босатылып, полиция департаментінің госпиталіне жүгінеді дейді сала мамандары.

Айта кетейік, осы күнге дейін Алтынсарин ауданына І компонент вакцинасының 150 және ІІ компонентінің 250 дозасы келіп түсті. Алғашқысы бойынша 116 адам, ал екінші компонент бойынша 60 полицей вакцинацияланды. Егуді барлық тілек білдірушілер тұрғылықты жері бойынша тіркелген өз емханасынан ала алады.

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

ҚОСТАНАЙЛЫҚТАР ВАКЦИНА САЛДЫРЫП ЖАТЫР
20:03, 12 сәуір 2021
ҚОСТАНАЙЛЫҚТАР ВАКЦИНА САЛДЫРЫП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАДЫ
20:28, 14 сәуір 2021
ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАД...
Толығырақ...
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
20:37, 15 сәуір 2021
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
Толығырақ...