ШҰҒЫЛ! ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ОБЛЫСТА 325 МЫҢ 278 АДАМ ВАКЦИНА АЛДЫ

10:31, 22 қазан 2021

Қостанай облысында 325 мың 278 адам вакцина алды. Бұл жалпы екпе жасалуы тиіс азаматтардың 64,4 пайызы.Өңірде коронавирусқа қарсы екпе салуға 426 медицина қызметкері тартылған. Вакциналау 190 стационарлық және жылжымалы кешендерде жүргізіліп жатыр. Қазір облыста вакцина қоры жеткілікті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Бүгінде облыстың емдеу мекемелерінде коронавируске шалдыққандарға арналған 1955 төсек орын бар. Оның 1665-і инфекциялық. Онда 638 науқас ем алуда. Ал 300 карантиндік төсек-орында 21 адам жатыр. Індеттің таралу деңгейі аймақта тұрақсыз. Қазір Қостанай облысы коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймақта тұр. Сол себепті вакцинациялау қарқынын өсіру керек, дейді мамандар. Коронавирусқа қарсы вакцина жүкті әйелдер мен оқушыларға да салынатын болды. Нақтырақ айтсақ, 12-18 жас аралығындағы жеткіншектер, 2 және 3 айлық мерзімдегі жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарға файзер екпесі егіледі. Вакцина тек коронавирусті қана емес, кез келген инфекциялық ауруларды тоқтатады. Екпе иммуниетті күшейтіп, індеттің таралмауына сеп. Осылай деген мамандар тұрғындарды вакцинациялауға шақырып отыр.Мамандар екпе алудың қарқынын осы қалыпта ұстасақ, көз ұзамай індетке де тосқауыл қойылады деген сенімде.

Тақырып бойынша материалдар

РЕВАКЦИНАЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
10:18, 25 қараша 2021
РЕВАКЦИНАЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
ФЕДОРОВ АУДАНЫНДА ХАЛЫҚТЫҢ 75% ЕКПЕ АЛҒАН
11:03, 23 қараша 2021
ФЕДОРОВ АУДАНЫНДА ХАЛЫҚТЫҢ 75% ЕКПЕ АЛҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ӘЙЕЛДЕР КҮШІ» АЛЬЯНСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
10:54, 22 қараша 2021
«ӘЙЕЛДЕР КҮШІ» АЛЬЯНСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...