ШҰҒЫЛ! ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ Толығырақ

МӘМС: БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ

20:17, 8 маусым 2021

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңға сәйкес, азаматтардың жеңілдікке ие 15 санаты бар. Ол тізімге балалар да кіреді. Елімізде 6,5 млн астам балдырғанға медициналық қызмет мемлекет есебінен тегін көрсетіледі. Балаларға қай қызмет түрлері тегін қолжетімді? Тілші тарқатсын.

Қазақстанның 18 жасқа дейінгі әр кішкентай азаматы үшін мемлекет ай сайын 2989 теңге жарна төлейді. Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорының мәліметінше бұл жүйеде 6 млн 549 мың бүлдіршін сақтандырылған. Сақтандырудың арқасында балалар тегін көрсетілетін медициналық көмектің кең таңдауына ие. Облыста осы тегін қызметке 207 мың бала қол жеткізе алады.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде стоматологиялық қызметтер түрі де қолжетімді. Тісті жансыздандыру және жұлу, пульпит, периодонтитді емдеу, рентгенография медициналық сақтандырудың пакетіне кіреді. Өткен жылы бұл тізімді ортодонтиялық қызмет түрі толықтырған. Жалпы жыл басынан  балаларға 143 мың стоматологиялық қызмет көрсетілген.

Сонымен қатар, орфандық, жүйке жүйесі, қан айналымы, қимыл-тірек аппараты, даму кідірісінің аурулары бойынша бүлдіршіндеріміз тегін 244 дәрі-дәрмек және медицаналық бұйымдармен қамтамасыз етіледі. Егер сіздің балаңызға міндетті әлеуметтік медициналық аясында тиісті қызмет көрсетілмесе я болмаса қандай да бір сбептермен балаңыз сақтандырылмаған болса, мамандар 1406 колл орталығы, қолдау 24/7 мобильді қосымшасы, телеграмдағы сақтандырубот немесе қордың сайты арқылы байланысқа шығуларын сұрайды.

Назгүл Шабдарова

Тақырып бойынша материалдар

КӨРУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ЖАБДЫҚ
20:15, 18 маусым 2021
КӨРУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ЖАБДЫҚ
Толығырақ...
ҮЗДІК МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
20:14, 18 маусым 2021
ҮЗДІК МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ
20:45, 16 маусым 2021
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖ...
Толығырақ...
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
21:24, 16 маусым 2021
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 17 маусым 2021
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...