ШҰҒЫЛ! 30 АДАМДЫ КЕНЕ ШАҚҚАН Толығырақ

ҚОСТАНАЙЛЫҚТАР ВАКЦИНА САЛДЫРЫП ЖАТЫР

20:03, 12 сәуір 2021

Қостанай облысында 200 мың адамның екпе алуына жағдай жасалады.Баспасөз алаңында облыстың денсаулық сақтау саласының басшысы мен облыстың бас санитарлық дәрігері есеп берді. Қазіргі таңда өңірде 31 медициналық мекемеде 62 екпе жасау пункті әзірленген.Медициналық мекемелермен қоса, сауда ойын сауық орталықтарында да әзірлік басталды. Онда екпе егу жуырда басталады. Толығырақ тілші бейнематериалында.

Қостанай облысында вакцина салдыру науқаны қарқын алып келеді. 8-ші сәуірге дейін өңірде вакцинаның бірінші компонентін 9408, екінші компонентін 10245 адам салдырған. Екпе алуға ниетті тұрғындар тіркелген клиникасына егов порталы арқылы жазылуға және екпе егу пунктін таңдауға мүмкіндігі бар.
 

Қазір облыста 60-қа жауық егу пунктері әзірленген. Сондай-ақ алыс ауыл, аудандарға жылжымалы екпе егу бригадалары ұйымдастырылмақ. Айта кетейік, елімізде салынып жатқан вакциналар адал етіп өндірілген. Сондықтан Ораза кезінде ауыз бекітушілердің екпе ала беруіне болады. Бірақ 60-тан асқан адамдар Ораза ұстаудан бұрын медициналық тексеруден өтуі керек. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы осылай деген еді.
 

Мамандардың мәлімдеуінше, алдағы айларда коронавирус қайта күшіне енуі мүмкін. Оның үстіне көктемде адам бойын әлсіздік билейтін кезеңде вирустың өршитін әдеті екенін қарапайым адамдар да өз тәжірибесінен жақсы біледі. Бұған қоса әлемді жайлаған қауіпті індеттің мутацияға ұшырауы да халықты алаңдатып тұр.

Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЛАУ БЕЛСЕНДІ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР
20:18, 4 мамыр 2021
COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЛАУ БЕЛСЕНДІ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ 10 ЖЫЛҒА ҰЗАРТЫЛДЫ
20:10, 11 мамыр 2021
«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ...
Толығырақ...