
Коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша Қостанай өңірі қауіпті аймаққа қайтадан енді. Тек 13-ші қаңтар күні облыстың 75 тұрғынынан ауру белгілері анықталған.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары – Юрий Севостьяновтың мәлімдеуінше, өңірде қауіпті індет жұқтыру көрсеткіші жаңа жыл мерекесінен кейін күрт өскен. Ауру белгілерінің көптеп анықталуына мерекелік жиындар мен тұрғындардың бір-біріне қонаққа барулары басты себеп болған. Санитарлық дәрігер дерегінше, індет нышандары жұқтырғаннан кейін 7-10 күн аралығында белгілі болады.