ШҰҒЫЛ! ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ҚОСТАНАЙ АУДАНЫНДА ЕКІ КҮНДЕ 38 БАЛА ЕКПЕ АЛДЫ

11:00, 23 қараша 2021

Қостанай аудандық емханасында екі күнде Pfizer вакцинасын 38 бала салдырды. Вакциналау барысында барлық талаптар қатан сақталуда. Екпе тек 12-18 жасқа дейінгі балаларға ата-анасынын қатысуымен салынады. Мамандар, қатерлі вирус балада жеңіл өтеді, олар тек тасымалдаушы деп қарамау керек, дейді.

Вакцинациялау кезең-кезеңімен жүзеге аспақ. Алдымен 16-18 жастағы жасөспірімдерге салынады. Кейін одан төмен жастағы балаларға егу жоспарланған. Сәуле Демесінованың ұлы 16 жаста. Алғашқылардың бірі болып екпе алған. Анасының айтуы бойынша бұл оның өз қалауы. Сәуле барлық ата- аналарға бойларындағы қорқынышты жеңіп, балаларына екпе салдыруға шақырады.Аталмыш вакцинасының бір құтысы алты адамға жетеді. Ал екінші компаненті 21-28 күн аралығында салынады. Дәрігерлердің айтуынша, жұқпалы вирустың жаңа штамы пайда болғалы балалар да жиі ауратын болған. Сондықтан әлемдік деңгейде жіті зерттелген екпе түріне сенім артқан жөн деп отыр.Pfizer  вакцинасы елге келеді дегеннен бері дайындық жұмыстары басталғаны баршамызға аян. Америкалық препараттың сақтау ерекшелігіне байланысты қазір арнайы   тоңазытқыш сатып алынған.

Тақырып бойынша материалдар

РЕВАКЦИНАЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
10:18, 25 қараша 2021
РЕВАКЦИНАЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
ФЕДОРОВ АУДАНЫНДА ХАЛЫҚТЫҢ 75% ЕКПЕ АЛҒАН
11:03, 23 қараша 2021
ФЕДОРОВ АУДАНЫНДА ХАЛЫҚТЫҢ 75% ЕКПЕ АЛҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ
10:07, 25 қараша 2021
ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...