ШҰҒЫЛ! «АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ БАҚЫЛАУДА Толығырақ

ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ

10:30, 12 қаңтар 2022

Қостанай облыстық мәслихат депутаттары нысандардың қауіпсіздігін тексеру бойынша рейдтік шараларды жалғастыруда. Олар бірқатар медициналық мекемелердің жұмысымен танысты. Азық-түлік пен жанармай бағасы да бақылауда екенін атап өтті.

Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі балалар орталығы. Бұл жерде 90-ға жуық бала ем алып жатыр. Олардың көбісі неврологиялық дертке шалдыққандар. Жалпы орталықта 19 жатын бөлме бар. Балалар күнделікті медициналық тексерістен өтіп тұрады.  Облыстық мәслихат депутаттары бүлдіршіндердің тамақтанатын орындарын бақылап, ас мәзірін де назардан тыс қалдырмады. Мекеме басшысы балалардың қауіпсіздіге алаңдауға еш негіз жоғын айтты.

Арнайы жұмыс тобы бас сұққан келесі нысан - Қостанайдағы №3 емхана. Депутаттар   дәрігердің қабылдауына келген тұрғындарымен тілдесті. Медициналық қызмет көрсету сапасына қаншалықты көңілдері толатындарын сұрады. Бұл емдеу мекемесі штаттық  режимде жұмыс істеп жатыр. Қажетті құрылғылармен толық қамтылған, препараттар жеткілікті. Депутаттар мүгедектерге арналған облыстық оңалту орталығының да жұмысымен танысты. Орталық 130-ға жуық мүмкіндігі шектеулі жандарды қабылдауға қауқарлы.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» екенін тағы бір дәлелдеген шара алдағы уақытта да жалғаса бермек. Облыстық мәслихат депутаттары азық-түлік пен жанармай бағасы да бақылауда екенін атап өтті.  

Оразгали Нұрғалиев, Олжас Есенжігітов, Қостанай телеарнасы. 

Тақырып бойынша материалдар

ЖАҢА ҚАУЛЫ. ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ
12:59, 20 қаңтар 2022
ЖАҢА ҚАУЛЫ. ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...
АУДАНДАРДА ВАКЦИНАНЫҢ БАРЛЫҚ ТҮРІ ҚОЛЖЕТІМДІ
12:58, 20 қаңтар 2022
АУДАНДАРДА ВАКЦИНАНЫҢ БАРЛЫҚ ТҮРІ ҚОЛЖЕТІМДІ
Толығырақ...
ЭПИДАХУАЛ НАШАРЛАДЫ. ОБЛЫСТА ШЕКТЕУЛЕР ЕНГІЗІЛДІ
10:58, 19 қаңтар 2022
ЭПИДАХУАЛ НАШАРЛАДЫ. ОБЛЫСТА ШЕКТЕУЛЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕАЭО ЕЛДЕРІНДЕ ОРТАҚ ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ НАРЫҚ БОЛАДЫ
11:02, 19 қаңтар 2022
ЕАЭО ЕЛДЕРІНДЕ ОРТАҚ ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ НАРЫҚ БОЛАДЫ
Толығырақ...
 ҰҚШҰ ӘСКЕРІ ҚАЗАҚСТАННАН ТОЛЫҒЫМЕН КЕТТІ
11:03, 19 қаңтар 2022
ҰҚШҰ ӘСКЕРІ ҚАЗАҚСТАННАН ТОЛЫҒЫМЕН КЕТТІ
Толығырақ...
ДЕПУТАТ: ТӘРТІПСІЗДІКТЕН ЗАРДАП ШЕККЕН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ
11:01, 19 қаңтар 2022
ДЕПУТАТ: ТӘРТІПСІЗДІКТЕН ЗАРДАП ШЕККЕН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ...
Толығырақ...