ШҰҒЫЛ! ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ТИЕСІЛІ КӨТЕРМЕ АҚЫ КӨЛЕМІ АРТАДЫ Толығырақ

«ЕЛ ҮШІН ЕГІЛЕМІН» АЗАМАТТЫҚ ШТАБЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ БІРҚАТАР КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ

09:56, 15 қыркүйек 2021

Еліміздегі коронавирус пандемиясымен күрес жөніндегі «Ел үшін егілемін» азаматтық штабының мүшелері кеше Тобыл өңіріне келгенін хабарлағанбыз. Олар Қостанайда бірқатар кездесулер өткізіп, вакцинаның маңыздылығын жан-жақты түсіндірді. Бір ай бұрын құрылған штаб білікті дәрігерлер, ғалымдар мен журналистер, қоғам қайраткерлері мен блогерлер және еріктілердің басын біріктірген бейресми бірлестікке айналып отыр. Қостанайдағы ақпараттық орталықта өткен брифингте штаб өкілдері халықты вакцина алуға, жалған ақпараттарға сенбеуге шақырды.

Қазақстанда вакцина алуға қарсы көрсетілімі жоқ 10 миллион адам бар. Бүгінде 7 миллионға жуық адам коронавирусқа қарсы вакцина алған. Қалыпты өмірге оралуымыз үшін екпе алу көрсеткішін жоғарылатуымыз қажет, екенін жеткізді азматтық штабтың мүшелері.Бүгінде Қостанай облысында ПТР тестілеу 5 зертхана базасында жүргізіледі, онда тәулігіне 2,5 мың зерттеу жүргізуге болады. Облыстың оңтүстік бөлігіндегі тұрғындарын қамту үшін Арқалық қаласында қуаты 300 зерттеуге жететін зертхана іске қосылды. Вакцинация 190 стационарлық және жылжымалы екпе пунктілерінде жүргізіледі. Вакцина салуға тиісті оқытудан өткен 426 медициналық қызметкер тартылған.Мамандардың айтуынша, елімізде вакцина алып коронавирусқа шалдыққан жағдайлар тіркелген. Алайда, барлық науқастар тәжді вирустың жеңіл түрімен ауырған. Сондықтан алаңдауға еш негіз доқ дейді, олар.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ТИЕСІЛІ КӨТЕРМЕ АҚЫ КӨЛЕМІ АРТАДЫ
09:52, 23 қыркүйек 2021
ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ТИЕСІЛІ КӨТЕРМЕ АҚЫ КӨЛЕМІ АРТАДЫ
Толығырақ...
ВАКЦИНА АЛМАҒАНДАРДЫ ТЕКСЕРУ БАСТАЛДЫ
08:37, 22 қыркүйек 2021
ВАКЦИНА АЛМАҒАНДАРДЫ ТЕКСЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВАКЦИНА АЛМАҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ТЕКСЕРУ БАСТАЛАДЫ
10:15, 18 қыркүйек 2021
ВАКЦИНА АЛМАҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ТЕКСЕРУ БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...