ШҰҒЫЛ! 5-ШІ ШІЛДЕДЕН БАСТАП ЖАҢА ҚАУЛЫ КҮШІНЕ ЕНЕДІ Толығырақ

ЕКПЕ ЖҮРГІЗУГЕ 3 ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕНДЕР ЖҰМЫЛДЫРЫЛДЫ

20:29, 12 шілде 2021

Жаһан жұртшылығын сарсаңға салған қауіпті індет сейілмей тұр. Қазіргі таңда қалыпты өмірге қайта оралудың бір ғана жолы – қоғамдық иммунитет қалыптастырудың маңызы зор. Коронавирусқа қарсы вакцинация жүргізуде тұрғындар үшін қауіпсіз эпидемиологиялық жағдайды сақтау үшін қалада 3 жылжымалы медициналық кешендер жасақталып, екпе салу ісіне жұмылдырылды. Толығырақ.

Қостанайда іске қосылған 3 жылжымалы екпе егу пункті қала ішін аралап, халыққа қызмет көрсетуде.  Тұрғындардың дені «Sputnik-V» екпесін қабылдаса, кейбіреуі отандық вакцинаны таңдаған. Жылжымалы бригада құрамында екпе қабылдаушылардың денсаулығын тексеріп, бақылайтын 2 дәрігер, 2 вакцинатор және медициналық тіркеушілер бар. Олар бір тәулікте шамамен ерік білдірген 300-ден астам азаматқа екпе салып, вакцинациялау науқанының кедергісіз жүріп жатқанын айтады.

Жылжымалы пункттерге өз еркімен екпе салдыруға келген жұртшылық қажетті препарат түрін өздері таңдай алады. Екпе алуды жөн деп санаған қала тұрғындарының бірі -  55 жастағы Александр Середа. Ол вакцина ұжымдық иммунитетті қалыптастыратынын айтады.  Александрдың айтуынша, мұндай жылжымалы автобустар әсіресе, жұмыстан босай алмайтын адамдарға тиімді.

Мамандар екпе алған адамдар алғашқы 3 күн күтіну керектігін айтады. Оларға ауыр көтеруге, екпе салған жерді сулауға, жууға болмайды. Әр адамның денсаулығы, иммунитеті әр түрлі. Кейбірінде алғашқы күндері дене қызуы көтерілуі мүмкін. Бірақ бұл – қалыпты жағдай дейді дәрігерлер. Айта кетейік, жылжымалы автобустар Қостанайдағы «Темір жол вокзалы», «Орталықта» және «Көкбазар» аумағында  сағат 10.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

ҰЖЫМДЫҚ ИММУНИТЕТ – ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ КҮРЕС
09:20, 30 шілде 2021
ҰЖЫМДЫҚ ИММУНИТЕТ – ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ КҮРЕС
Толығырақ...
ЕКПЕ САЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
09:10, 30 шілде 2021
ЕКПЕ САЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Толығырақ...
COVID-19: АЙМАҚТА ВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАРДЫҢ САНЫ АРТҚАН
20:40, 26 шілде 2021
COVID-19: АЙМАҚТА ВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАРДЫҢ САНЫ АРТҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ӘКІМДЕРІН ТІКЕЛЕЙ САЙЛАУ - ХАЛЫҚ ДАУЫСЫ
18:10, 25 шілде 2021
АУЫЛ ӘКІМДЕРІН ТІКЕЛЕЙ САЙЛАУ - ХАЛЫҚ ДАУЫСЫ
Толығырақ...
Ауыл әкімдерін сайлау - саяси реформаларға жаңа серпін
14:10, 25 шілде 2021
Ауыл әкімдерін сайлау - саяси реформаларға жаңа серпін
Толығырақ...