ШҰҒЫЛ! ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ТИЕСІЛІ КӨТЕРМЕ АҚЫ КӨЛЕМІ АРТАДЫ Толығырақ

ЕКПЕ САЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

09:10, 30 шілде 2021

Екпе егу – ұжымдық иммунитет қалыптастырудың жалғыз тиімді жолы. Бүгінде вакцина «COVID-19» инфекциясын жұқтырмаудың бірден бір жолы екенін өңір тұрғындары жіті түсінгендей. Осы орайда, аймағымызда коронавирусқа қарсы екпе салдыру шарасы қарқынды жалғасуда.

Жұқпалы дертке қарсы вакцина қабылдауда мемлекеттік қызметкерлердің үлесі жоғары. Өз саулығы арқылы өзгенің амандығын ойлаған аймақ тұрғындары да саны күннен-күнге көбеюде. Осы күнге дейін өңір бойынша 250 мыңға жуық адам екпе алған. Сонымен қатар, екпе қабылдау үшін барлық аудандарда  бригадалары жасақталған. Жылжымалы екпе бригадалары елді-мекендерді аралап, вакцина салуда.

Екпе егу жұмыстарын жүйелі жүргізу үшін  жылжымалы диагностикалық кешендер де қамтылып, мамандар көп мекемелер мен базардағы адамдардың вакцина салдыруына мүмкіндік жасауда. Бір апта аралығында ауру белгілері анықталған адамдар саны 1,5 есеге артып отыр. Сол себепті, соңғы қабылданған қаулыға сай сақтық шараларын жүйелі түрде жүргізіп келеміз дейді мамандар.

Індеттің үдеуіне байланысты, күніне 600-ден астам адам келіп екпе алып жатыр дейді мамандар. Бүгінге дейін мұнда екпенің 1-ші компонентін 17 мың, ал 2-ші компонентін 12 мың алып үлгерген. Мамандар вакцинадан бас тартқандарға әкімшілік немесе қылмыстық жаза қолданылмайтынын тағы ескертуде. Өңір тұрғындарының 65 – 70  пайызы вакцина алып, ұжымдық иммунитет пайда болатын болса қауіпті індет те сейілуі мүмкін.

 

Тақырып бойынша материалдар

ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ТИЕСІЛІ КӨТЕРМЕ АҚЫ КӨЛЕМІ АРТАДЫ
09:52, 23 қыркүйек 2021
ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ТИЕСІЛІ КӨТЕРМЕ АҚЫ КӨЛЕМІ АРТАДЫ
Толығырақ...
ВАКЦИНА АЛМАҒАНДАРДЫ ТЕКСЕРУ БАСТАЛДЫ
08:37, 22 қыркүйек 2021
ВАКЦИНА АЛМАҒАНДАРДЫ ТЕКСЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВАКЦИНА АЛМАҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ТЕКСЕРУ БАСТАЛАДЫ
10:15, 18 қыркүйек 2021
ВАКЦИНА АЛМАҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ТЕКСЕРУ БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...