
Жаһан жұртшылығын сарсаңға салған қауіпті індет әлі сейілер емес. Қазіргі таңда қалыпты өмірге қайта оралудың бір ғана жолы – қоғамдық иммунитет қалыптастырудың маңызы зор. Коронавирусқа қарсы вакцинация жүргізуде тұрғындар үшін қауіпсіз эпидемиологиялық жағдайды сақтау үшін Қостанайдағы Әл-Фараби көшесінде орналасқан поштада медициналық кешен жасақталып, екпе салу пункті ашылды. Толығырақ.
Екпе алуға — жаңа мүмкіндік. Әл-Фараби 69 көшесінде орналасқан екпе пунктінде қалалық №1-ші емхананың білікті мамандары халыққа қызмет көрсетуде. Бір күннің өзінде мұнда 20-дан астам адам вакцина алды. Медициналық топтың құрамында екпе қабылдаушылардың денсаулығын тексеріп, бақылайтын 2 дәрігер, 1 вакцинатор және медициналық тіркеуші бар. Олар ерік білдірген азаматтарға вакцина салып, егу науқанын кедергісіз жүргізіп жатқандықтарын айтады.
85 жастағы зейнеткер Любовь Сидорова жазда короновирус инфекциясын жұқтырып 15 күн ауырып, қатты қиналыпты. Сондықтан ауру қайта бас көтергенде оның алдын алу үшін екпе салдырмақ. Дәрігер тексерісінен өткеннен кейін зейнеткер ойланбастан вакцина салдырды.
Ал, 64 жастағы хореограф екпені маусым айында алғанын айтады. Балалармен тығыз байланыста болғандықтан, вакцина алу менің міндетім деп санаймын, - дейді ол. Екпе пунктінде халықтың дені «Sputnik-V» екпесін қабылдаса, кейбіреуі отандық вакцинаны дұрыс көрген. Айта кетейік, поштаның 1-ші қабатында орналасқан екпе егу пункті келем деушілерге таңғы сағат 9.00-ден кешкі 18.00-ге дейін ашық.