ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ ОРАЗА Толығырақ

ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ҮСТЕМАҚЫ ТӨЛЕУ ЖАЛҒАСУДА

20:47, 7 сәуір 2021

Індетпен күресуде алдыңғы шепте жүретін ақ халаттыларға 212 мың теңгеден 850 мың теңгеге дейін үстемақы төлеу жалғасуда. Бұл мақсатта қаржыландыру Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы іске асырылады. Осы жылдың алғашқы 2 айында ғана төрт жарым мыңнан астам медицина қызметкеріне үстемақы төленді. Дәрігерлер мен медбикелерді және зертханашыларды материалдық қолдау шарасы төңірегінде толығырақ тілші баяндайды.

Медициналық сақтандыру қоры пандемиямен күреске жұмылдырылған дәрігерлер қауымына үстемақы төлеуді жалғастыруда. Осы уақытқа дейін 19 мыңнан көп медицина қызметкері қосымша қаржылай қолдауға ие болды. Оған бағытталған сома  көлемі 4 млрд 376 млн теңге. Оны ақ халаттылар шілде айында алған жалақыларынан сезінді. Сол кезде 3 150-ден астам медицина қызметкеріне 868 млн теңге көлемінде үстемақы төленді.

Осылайша осы жылдың алғашқы екі айында барлығы 460 адам қаржылай қолдауға ие болды. Атап айтсақ, олар - 890-нан астам жедел жәрдем жүргізушілері, зертханашылар, сүзгі қызметкерлері, қабылдау бөлмелері мен блок-бекеттерде қызмет көрсеткен мамандар

Ал коронавируспен ауырған дәрігерлерге төленетін төлемдерге келетін болсақ, оларды Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі төлейді. Денсаулық сақтау басқармасы өңірлік комиссияларының шешімінен кейін өтінімдер министрлікке жіберіледі.

Тақырып бойынша материалдар

ҚОСТАНАЙЛЫҚТАР ВАКЦИНА САЛДЫРЫП ЖАТЫР
20:03, 12 сәуір 2021
ҚОСТАНАЙЛЫҚТАР ВАКЦИНА САЛДЫРЫП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАДЫ
20:28, 14 сәуір 2021
ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАД...
Толығырақ...
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
20:37, 15 сәуір 2021
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
Толығырақ...