ШҰҒЫЛ! ОРГАНИКАЛЫҚ ӨНІМ ӨНДІРІП, ӨТКІЗУ ҮШІН ЗАҢ ЖЕТІЛДІРІЛДІ Толығырақ

ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ТИЕСІЛІ КӨТЕРМЕ АҚЫ КӨЛЕМІ АРТАДЫ

09:52, 23 қыркүйек 2021

Қостанай облысында медицина кадрларын тарту үшін көтерме ақы сомасы ұлғайтылды. Нақтырақ айтқанда, қалаға жұмыс істеуге келгендерге берілетін сома 1 млн теңгеден бір жарым миллион теңгеге дейін көтерілмек. Болашақ ауыл дәрігерлері үшін бір жарым миллионнан екі миллион теңгеге дейін беріледі. Бұл шара кадрлар тапшылығын шешуге мүмкіндік береді деген үміт бар. Қазір өңірге үш жүзден астам дәрігер жетіспейді.

Дәрігерлерге көтерме ақы төлеу туралы шешім Қостанай облысының бюджетінен екі жыл бұрын қабылданған болатын. Сол кезде аймақ басшысы шенеуніктердің және денсаулық сақтау органдарының көтерме ақылар аймақтағы дәрігерлер тапшылығы мәселесін шешуге көмектеседі деген уәждерімен келіскен еді. Практиканы жалғастыруға шешім қабылданып, жақында Қостанай облысы мәслихатының депутаттары облыстық бюджет қаражаты есебінен ауылдық жерлерге және қалаларға жұмыс істеуге жіберілген медицина қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету мөлшерін өзгерту ұсынысн мақұлдады. "Өткен жылы ауылға жұмыс істеуге барған мамандарға 1,5 миллион, қалаға келген кадрларға 1 миллион теңгеден төленді. Енді бұл сома ұлғайтылып отыр. Сессияда мақұлданғандай, сома 500 мың теңгеге ұлғайтылды", — дейді Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Зәуре Жұмабаева. Қостанай облысында медицина кадрларының тапшылығы бұрыннан бар. Ресми мәліметтер бойынша, қазір ауруханаларға 308 маман жетіспейді. 80-нен астам маманға ауылдық жерлер мұқтаж. "Өткен жылы бізге 170 дәрігер келді, оның 145-і ЖОО түлектері болса, 25-і – тәжірибелі дәрігерлер. Биыл облыстың медицина мекемелері 120 дәрігермен толығуы тиіс-тін, оның 81-і жұмысқа кірісті. 2020 жылы 128 қызметкерге 140 млн теңге төленді, биыл 245 млн теңге жұмсау жоспарланған", — деді Зәуре Жұмабаева. Қостанай облысының Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта мәслихат шешімін әділет органдарында тіркеу рәсімі жүріп жатыр. Содан кейін ғана құжат ресми жарияланады. Шешім ресми жарияланғаннан кейін 10 күн ішінде күшіне енеді. Шамамен, төлем тағайындау шаралары қазан айында басталады.

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕ БАСТАДЫ
16:14, 26 қазан 2021
ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕ БАСТАДЫ
Толығырақ...
БАЛАЛАРҒА ЕКПЕ 12 ЖАСТАН БАСТАП САЛЫНАДЫ
10:36, 22 қазан 2021
БАЛАЛАРҒА ЕКПЕ 12 ЖАСТАН БАСТАП САЛЫНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҰЗЫНКӨЛ-МЕҢДІҚАРА: «ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!»
09:09, 21 қазан 2021
ҰЗЫНКӨЛ-МЕҢДІҚАРА: «ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!»
Толығырақ...
СЕНАТТА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
09:16, 21 қазан 2021
СЕНАТТА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ Қ...
Толығырақ...