ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ ОРАЗА Толығырақ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА МАМАН ТАПШЫЛЫҒЫ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛІП КЕЛЕДІ

20:30, 1 наурыз 2021

Наурыз айында өңірге коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның 6000 дозасы келіп түседі. Ал сәуір айында егу бөлмелеріне бірден 30 000 доза жеткізіледі. Бүгінде облыста 1100-ден астам медицина қызметкері вакцинация салынды. Денсаулық сақтау саласы қызметкерлері ковид-пен күресу үшін қандай жұмыс жүргізілгені туралы баяндады. Облыс әкімінің қатысуымен өткен жиында және де медициналық кадрларды тарту және оларды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі де айтылды.

Қазіргі таңда денсаулық сақтау саласында 15 мың адам еңбек етуде. Оның 2 мыңы дәрігерлер болса, 6 мыңы орта буын  медицина мамандары. Былтыр   стационарларда 86 000 науқас емделді. 26 000-нан астам ота жасалды.  2020 жыл денсаулық сақтау қызметі  үшін ауыр кезең болды. Жауапты мекеме өкілдері  осы салада атқыралыған жұмыстарды баян етті.  Кадрларды тарту  жұмыстары жоспарға сай орындалып жатыр. Облысқа 186 дәрігер келді.

Қазақстандық ипотекалық компания арқылы 54 медицина қызметкеріне  пәтер кілті тапсырылды.  Биыл тағы 100 маман қоныс тойын тойлайды.

Маман тапшылығы мәселесін шешу үшін  жергілікті колледждер базасында орта буын медицина мамандары даярланып жатыр. Былтыр Медициналық колледжде тәлімденушілер саны екі есе өсті. Рудный қаласында мейірбике ісі бөлімшесі  ашылды.   Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесіне келер болсақ,  стационарларға 5,5 миллиард теңге сомасында препараттар жөнелтілді. Коронавиркс инфекциясын емдеуге арналған 988 млн теңгеге  дәрі-дәрмек келіп түсті.

Емдеу мекемелерінің біразының  материалдық- техникалық мүмкіндігі артып келеді.  Биыл  қажетті құрал- жабдықтар сатып алуға  6 млрд. теңге бөлінбек. Жоспар бойынша 6 денсаулық сақтау мекемесіне  күрделі жөндеу жүргізіледі. Жаңадан салынатын нысандарда бар. Оның ішінде Қостанай қаласында 250 орынға есептелген емхана құрылысы биыл басталмақ.  Жалпы, сала қызметкерлері  жыл сайын денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы көлемінің ұлғайып келе жатқандығын айтады. Бұл медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. 

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

ҚОСТАНАЙЛЫҚТАР ВАКЦИНА САЛДЫРЫП ЖАТЫР
20:03, 12 сәуір 2021
ҚОСТАНАЙЛЫҚТАР ВАКЦИНА САЛДЫРЫП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАДЫ
20:28, 14 сәуір 2021
ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАД...
Толығырақ...
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
20:37, 15 сәуір 2021
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
Толығырақ...