ШҰҒЫЛ! ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

COVID-19: ОБЛЫСТА 300 МЫҢ 605 АДАМ ЕКПЕ АЛДЫ

09:21, 21 қазан 2021

Вакцина алу - «COVID-19» инфекциясын жұқтырмаудың бірден бір жолы екенін өңір тұрғындары жіті түсінгендей. Облыс көлемінде жұқпалы дертке қарсы вакцина қабылдауда мемлекеттік қызметкерлердің үлесі жоғары. Өз саулығы арқылы өзгенің амандығын ойлаған аймақ тұрғындарының да саны күннен-күнге көбеюде. Екпе алғандардың саны 300 мыңнан асып жығылады. «Ashyq» жүйесіне тіркелген нысандардың да саны артқан. Облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиында Мониторингтік топтардың рейдтік қорытындысы мен кәсіпкерлік нысандардың жұмысы баяндалды. Өңірде «Ashyq» жобасына тіркелген бизнес нысандарының саны көбейген. Жоба қолданушылардың 98 пайызы QR кодтарын алып, толық кестеде жұмыс істеп тұр. 21-ші қазандағы жағдай бойынша, Қостанай облысы «қызыл» аймақта. Ауруханалардағы жатын керуеттердің жүктемесі 39 пайызға толы. Бір ғана Амангелді ауданында жыл басынан бері 172 оқиға тіркелген. Мониторингтік топтармен 842 рейдтік жұмыстар барысында 1718 нысан тексерілген. Нәтижесінде 29 заңбұзушылық анықталған. Әкімшілік айыппұл көлемі – 1 млн 268 мың теңгеде асып жығылады. Жауапты мамандардың ұсыныс, пікірлерін тыңдаған облыс әкімі короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында мониторингтік топтың жұмысын жандандыруды сондай-ақ вакцинациялау жұмыстарын жүйелі жүргізу керектігін айтты. Айта кетейік, екпе егу жұмыстарын жүйелі жүргізу үшін өңірде жылжымалы диагностикалық кешендер де қамтылып, мамандар тұрғындардың вакцина салдыруына мүмкіндік жасауда. 1-ші қазаннан бері ауру белгілері анықталған адамдар саны 7,2 пайызға өскен. Сондықтан, коронавирустық инфекцияның алдын алу бағытында жұмыстарды күшейтуіміз керек. Аймақ басшысы осылай деді.

Тақырып бойынша материалдар

РЕВАКЦИНАЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
10:18, 25 қараша 2021
РЕВАКЦИНАЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
ФЕДОРОВ АУДАНЫНДА ХАЛЫҚТЫҢ 75% ЕКПЕ АЛҒАН
11:03, 23 қараша 2021
ФЕДОРОВ АУДАНЫНДА ХАЛЫҚТЫҢ 75% ЕКПЕ АЛҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ӘЙЕЛДЕР КҮШІ» АЛЬЯНСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
10:54, 22 қараша 2021
«ӘЙЕЛДЕР КҮШІ» АЛЬЯНСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...