ШҰҒЫЛ! ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ Толығырақ

COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

20:39, 10 маусым 2021

Әлемдік пандемия жағдайында қалыпты өмірге қайта оралудың бір жолы – қоғамдық иммунитет қалыптастыру. Қостанайда короновирустық инфекцияға қарсы егу жұмыстары жалғасып жатыр. Екпе алам десеңіз, емханаға бару міндетті емес. Бұл қызметті жылжымалы егу кабинеттері де көрсете алады. Осындай кабинеттердің бірі қала орталығында ашылды.

Бұл – бизнес орталықтағы жылжымалы егу пункті. Кабинетке күн сайын вакцина алу мақсатымен,15 адамнан бастап 50 адамға дейін келеді. Екпе алуға ниетті жандар үшін егу кабинетінің есігі таңғы 10-нан кешкі 8-ге дейін ашық. Өзіңізбен тек жеке куәлігіңіз болса, жеткілікті.

Гүлмира Қалиева – осы бизнес орталығында қызмет етеді. Егу науқаны басталысымен, вакцина салдыруға бел буған. Алайда жұмысбастылықпен жүріп, жоспары шегеріле беріпті. Жылжымалы егу бригадасы өздері келетінін ести сала, бірден осы кабинетке келген.

Вакцина алған азаматтар 30 минут медицина мамандарының бақылауында болады. Кейін медбикелер екпеден кейінгі ережелерді ескертіп, жанама әсерлерін түсіндіреді.

Жылжымалы егу кабинеттері – емханадағы кезек қатарын қысқартуға мол мүмкіндік. Бүгінде бұл жерде вакцинация белсенді жүріп жатыр. Ақ халаттылар тұрғындардың ерікті түрде екпе салдыруға оң көзқараста екендіктерін айтады.

Назгүл Шабдарова

Тақырып бойынша материалдар

КӨРУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ЖАБДЫҚ
20:15, 18 маусым 2021
КӨРУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ЖАБДЫҚ
Толығырақ...
ҮЗДІК МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
20:14, 18 маусым 2021
ҮЗДІК МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ
20:45, 16 маусым 2021
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖ...
Толығырақ...
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
21:24, 16 маусым 2021
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 17 маусым 2021
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...