ШҰҒЫЛ! ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ТИЕСІЛІ КӨТЕРМЕ АҚЫ КӨЛЕМІ АРТАДЫ Толығырақ

COVID-19: АЙМАҚТА ВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАРДЫҢ САНЫ АРТҚАН

20:40, 26 шілде 2021

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу күн тәртібіндегі басты мәселе. Өңірдегі күрделі жағдай әдеттегі сақтық шараларына біраз өзгеріс әкелді. Денсаулық сақтау басқармасы мамандарының қатысуымен өткен жиында «Sputnik-V» вакцинасының көмегімен вирус организмде қорғаныс антиденелерін түзу қабілетін сақтайтыны сөз болды. Толығырақ келесі бейнематериалда.

2021 жылғы 25 шілдедегі эпидемиологиялық жағдай бойынша өңірде коронавирустық инфекцияның 181 жағдайы тіркелді. Бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,94% құрады. Індетке қарсы күрестегі оң нәтижеге қарамастан, оның таралу қаупі сейілген жоқ. Бүгінде аймақтағы емдеу мекемелерінде 1627 жатын керуеттер болса оның 41,8 пайызы лық толы. Сондықтан, мамандар індетке қарсы екпе алуды тездету керектігін айтып отыр. 

Жиын барысында COVID-19-ға қарсы іс-қимылдың жүйелі орындалу барысы да сөз болды. Бір апта аралығында ауру белгілері анықталған адамдар саны 1,5 есеге артып отыр. Сол себепті, соңғы қабылданған қаулыға сай сақтық шараларын жүйелі түрде жүргізіп келеміз дейді мамандар.

Індеттің үдеуіне байланысты «Ashyq» қосымшасына тіркелушілер саны 3 есе көбейген. Жергілікті палата өкілдері өтініштерді дер кезінде рәсімдеуде. Денсаулық сақтау басқармасының мамандары, аурудың алдын алу тиімді жолы – вакцина екенін айтады. Облыс бойынша бүгінде 250 мыңнан  астам адам вакцинацияланды. Мамандар вакцинадан бас тартқандарға әкімшілік немесе қылмыстық жаза қолданылмайтынын тағы ескертуде. Өңір тұрғындарының 65 – 70  пайызы вакцина алып, ұжымдық иммунитет пайда болатын болса қауіпті індет те сейілуі мүмкін.

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ТИЕСІЛІ КӨТЕРМЕ АҚЫ КӨЛЕМІ АРТАДЫ
09:52, 23 қыркүйек 2021
ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ТИЕСІЛІ КӨТЕРМЕ АҚЫ КӨЛЕМІ АРТАДЫ
Толығырақ...
ВАКЦИНА АЛМАҒАНДАРДЫ ТЕКСЕРУ БАСТАЛДЫ
08:37, 22 қыркүйек 2021
ВАКЦИНА АЛМАҒАНДАРДЫ ТЕКСЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВАКЦИНА АЛМАҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ТЕКСЕРУ БАСТАЛАДЫ
10:15, 18 қыркүйек 2021
ВАКЦИНА АЛМАҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ТЕКСЕРУ БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...