ШҰҒЫЛ! ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

БАЛАЛАРҒА ЕКПЕ 12 ЖАСТАН БАСТАП САЛЫНАДЫ

10:36, 22 қазан 2021

Вирусқа қарсы екпе балаларға 12 жастан бастап, ата-анасының рұқсатымен ғана салынады. Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов осындай жаңа қаулыға қол қойды. Бұл топтағы адамдарға америкалық Pfizer вакцинасы егіледі. Індет әлі де іргеде жүр. Қалыпты өмірге қайта келудің бірден бір жолы вирусқа қарсы екпе. Қостанайдағы № 3 емханаға тіркелген 30 мыңға жуық адам короновирусқа қарсы екпе алған. Ал 12 мен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған америкалық Pfizer вакцинасы қараша айының ортасына қарай жеткізіледі. Ауырмаудың жолын іздеген ата-аналар балаларына екпе салатын күнді асыға күтуде. Вакцина алғанан кейін өзімді жақсы сезіндім, және баламның вирус жұқтырмайтынына сенімді болғым келеді, дейді Валентина Орлова.Балаларға екпе салу науқанына дайындық қызу жүруде. Қазіргі таңда Қостанай қаласының емханалары, вакциналау пунткін дайындап, ата-аналар мен балаларға түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Еске салайық, ата-ана рұқсаты болмаған және аллегриялық белгілері бар жасөспірімдерге вакцина салынбайды.

Тақырып бойынша материалдар

РЕВАКЦИНАЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
10:18, 25 қараша 2021
РЕВАКЦИНАЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
ФЕДОРОВ АУДАНЫНДА ХАЛЫҚТЫҢ 75% ЕКПЕ АЛҒАН
11:03, 23 қараша 2021
ФЕДОРОВ АУДАНЫНДА ХАЛЫҚТЫҢ 75% ЕКПЕ АЛҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ӘЙЕЛДЕР КҮШІ» АЛЬЯНСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
10:54, 22 қараша 2021
«ӘЙЕЛДЕР КҮШІ» АЛЬЯНСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...