ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ТАҒЫ БІР АПТАҒА СОЗЫЛАДЫ Толығырақ

АУЫЛДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯЛАР ЖАҢҒЫРЫП КЕЛЕДІ

20:28, 27 қазан 2020

Адами капиталды арттырудың басым бағыттарының бірі – денсаулық сақтау саласы. Осы орайда облыста медициналық мекемелерді жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Елді мекендерде ем-дом көрсету нысандары заман талабына сәйкес жабдықталып, ұлт саулығы үшін тиісті қызмет ұсынылып келеді.

Новошумный ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пунктің іргетасы 1982- жылы қаланған. Содан бері ауыл тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсетіп келеді. Қазіргі күні мұнда 920 адам тіркеуге алынған. Мекеме меңгерушісі мәлімдегендей, биыл  мұнда жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Ал бұл - Жаркөл ауылдық фельдшерлік-акушерлік пункті. Ол 2004-ші жылдан бері жұмыс істеп келеді. 6 ауылдың 1890 тұрығынына ем-дом шараларын көрсетеді. Олардың 500-і балалар. Басы ауырып, балтыры сыздаған адамдар сапалы медициналық қызметпен қамтылған. Бұл ауылдық округтің де ФАП-і жөндеу шараларынан шет қалмаған.

Ауылдық жердегі амбулатория қызметкерлерінің сөзінше, кадр тапшылығы жоқ. Уақыт өткен сайын қатарға жас мамандар қосылып жатыр. Келесі жылы ғимаратымызға газ тартылады деп қуанып отыр.

Тақырып бойынша материалдар

АУРУХАНАНЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
20:40, 25 қараша 2020
АУРУХАНАНЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Толығырақ...
ИНСУЛЬТ АЛҒАН НАУҚАСТАР ҮШІН ОҢАЛТУ ӘДІСТЕРІ  ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ
20:52, 24 қараша 2020
ИНСУЛЬТ АЛҒАН НАУҚАСТАР ҮШІН ОҢАЛТУ ӘДІСТЕРІ ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ...
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНА ЖАҢА ЖАБДЫҚПЕН ҚАМТЫЛДЫ
20:51, 24 қараша 2020
ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНА ЖАҢА ЖАБДЫҚПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТАҒЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ОҢ ДИНАМИКАҒА ИЕ
17:32, 26 қараша 2020
ОБЛЫСТАҒЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ОҢ ДИНАМИКАҒА ИЕ
Толығырақ...
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАСЫ ТАБЫСТЫ РЕФОРМАЛАР ЖАЛҒАСЫ
20:55, 25 қараша 2020
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАСЫ ТАБЫСТЫ РЕФОРМАЛАР...
Толығырақ...