ШҰҒЫЛ! 30 АДАМДЫ КЕНЕ ШАҚҚАН Толығырақ

30 АДАМДЫ КЕНЕ ШАҚҚАН

20:30, 30 сәуір 2021

Абайлаңыз, кене! Күн жылынып, табиғат оянған шақта тасада жатқан кенелер адам өміріне қауіпті күшейте түсетіні белгілі. Жыл сайын мамандар бұл кеселдің алдын алу мақ¬сатында түрлі жүйелі шаралар ұйымдастырып келе жат¬қанымен, қансорғыштарды түбегейлі жою мүмкін болмай тұр. Ағымдағы жылдың өзінде өңірде 30 науқас тіркелген. Кене шағып алған жағдайда бірінші кезекте не істеу керек? Ол адам өміріне қаншалықты қауіпті және одан қалай қорғануға болады? Толығырақ тілші материалында.

Көктем шығып, күн сәулесiнiң қуаты артқан сайын табиғат ұйқысынан оянуымен қатар, қоршаған ортада әр түрлі жұқпалы ауруларды тарататын қыстан шыққан зиянкестерге де қолайлы жағдай туып, белсенділігі арта түседі. Кененің шағуы арқылы берілетін жұқпалы аурулар басым жағдайда жыл мезгілінің көктем-жаз айларына тиесілі дейді мамандар. Қазіргі таңда қансорғыштарға қарсы іс-әрекеттер жасалуда. Санитарлық қызметкерлер табиғат аясындағы демалыс орындарына барып, кене  теріп, оларға зертханалық сараптама жасауда.

Кене шаққанда өзінің сілекейімен арнайы фермент бөледі,сол себепті көпшілік жағдайда кененің шаққаны білінбейді. Қансорғыштар шағу кезінде сілекей бездері арқылы адамның қанына вирус еңгізеді. Мамандардың айтуынша, бұл өте қауіпті Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы секілді ауруға душар етеді. Сондықтан, денедегі кенені жалаңаш қолмен алуға, езуге қатаң тыйым салынады.

Кененің адамдарға ең көп шабатын уақыты таңғы сағат 8-ден 11-ге дейін және кешкі сағат 17.00 пен 20.00-дің аралығы. Күн ыстықта сағат 11-ден 17-ге дейін олардың белсенділігі төмендей бастайды. Жаз мезгілінде көкке шығып демалушылар да, суға түсушілер де көбейетіндігі белгілі. Көп жағдайда қауіпсіздіктің алдын алмастан опық жеп жататындардың баршылығы жасырын емес. Сондықтан да «сақтықта қорлық жоқ» деген қағиданы жанымызға жақын ұстағанымыз абзал дейді сала мамандары.

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЛАУ БЕЛСЕНДІ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР
20:18, 4 мамыр 2021
COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЛАУ БЕЛСЕНДІ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЛАҢКЕСТІК ӘРЕКЕТ ТУРАЛЫ ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТҚАН
20:23, 5 мамыр 2021
ЛАҢКЕСТІК ӘРЕКЕТ ТУРАЛЫ ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТҚАН
Толығырақ...
ПАРЛАМЕНТ ЖЕРДІ ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ САТПАУДЫ КӨЗДЕЙТІН ЗАҢ ЖОБАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
20:25, 5 мамыр 2021
ПАРЛАМЕНТ ЖЕРДІ ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ САТПАУДЫ КӨЗДЕЙТІН ЗАҢ ЖОБАСЫН...
Толығырақ...