ШҰҒЫЛ! 5-ШІ ШІЛДЕДЕН БАСТАП ЖАҢА ҚАУЛЫ КҮШІНЕ ЕНЕДІ Толығырақ

3 АДАМ СІБІР ЖАРАСЫН ЖҰҚТЫРДЫ

20:29, 13 шілде 2021

Қостанай облысында 3 адамнан сібір жарасы анықталды. Науқастар қазір облыс орталығындағы инфекциялық ауруханада ем алуда. Мамандардың айтуынша, жара оларға малдан жұққан. Әзірше, инфекция ошағы анықталған жоқ. Мамандар оқиға себебін аптап ыстықпен байланыстырып отыр.

Денисов ауданының Свердлов ауылдық округындағы ірі мал бордақылау шаруашылықтарының бірінде мал басының өлімі тіркелген. Өлім себептерін анықтау және жою бойынша жұмыстарды жүргізу барысында осы іс-шараларға қатысушы 3  адам сібір жарасын жұқтырған. Қазір науқастар  инфекциялық ауруханада ерекше ем қабылдап жатыр.

Бүгінгі күні ауру жұқтыру ошағында эпидемия  және эпизоотияға қарсы алдын алу шаралары жүргізілуде. Індетке қатысы бар адамдардың барлығы профилактикалық бактерияға қарсы ем алады, содан кейін олар сібір жарасына қарсы вакцинамен егілетін болады. Мамандар мұндай жағдай біздің өңірде өте сирек кездесетін айтады. Соңғы дерек 1995 жылы тіркеліпті, алайда аурудың алдын-алу ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді.

Сібір жарасының инкубациялық кезеңі – 14 күн.  Алғашқы белгілері: әлсіздік, дене қызуының жоғарылауы, бас және бұлшық ет ауруы. Ең көп таралған түрі – тері ауруы. Жараның дамуы терінің қызаруынан басталады. Ол ауру жұқтырған мал өнімінен, малды күту және сою кезінде жұғуы мүмкін.

 

Назгүл Шабдарова

Тақырып бойынша материалдар

ҰЖЫМДЫҚ ИММУНИТЕТ – ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ КҮРЕС
09:20, 30 шілде 2021
ҰЖЫМДЫҚ ИММУНИТЕТ – ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ КҮРЕС
Толығырақ...
ЕКПЕ САЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
09:10, 30 шілде 2021
ЕКПЕ САЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Толығырақ...
COVID-19: АЙМАҚТА ВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАРДЫҢ САНЫ АРТҚАН
20:40, 26 шілде 2021
COVID-19: АЙМАҚТА ВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАРДЫҢ САНЫ АРТҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ӘКІМДЕРІН ТІКЕЛЕЙ САЙЛАУ - ХАЛЫҚ ДАУЫСЫ
18:10, 25 шілде 2021
АУЫЛ ӘКІМДЕРІН ТІКЕЛЕЙ САЙЛАУ - ХАЛЫҚ ДАУЫСЫ
Толығырақ...
Ауыл әкімдерін сайлау - саяси реформаларға жаңа серпін
14:10, 25 шілде 2021
Ауыл әкімдерін сайлау - саяси реформаларға жаңа серпін
Толығырақ...