ШҰҒЫЛ! ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ Толығырақ

Жасыл экономика – болашақ энергиясы

20:49, 15 қаңтар 2018

Тобыл өңірінде «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесінде ұсынылған тың технологияларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Жалпы алғанда, энергетика министрлігінің сараптамалық тобы «ЭКСПО-2017» көрмесінде ұсынылған 105 шетелдік және 28 отандық технологияны іріктеді. Оларды жұмысқа енгізу үшін әкімдіктер 40 ал, ұлттық компаниялар 15 заманауи технологияға өздерінің таңдауларын жасаған екен.

Жалпы, «Экспо-2017» көрмесіне 100 мыңнан астам қостанайлық қатысып, әлемде қолданылып жатқан тың тәжірибелермен танысып қайтты. Астықты аймақ дүниежүзілік көрмеге 4 жоба ұсынған еді. Олардың арасында машина зауытындағы электромобильдерді құрастыру және органикалық қалдықтарды қайта өңдеу сияқты ірі-ірі жобалар ерекше деп танылған.

Биыл облыста көрмеде таныстырылған 11 жоба іске асады. Болотов роторлық жел турбинасын, күн аккумуляторларын орнату қолға алынбақшы. Лисаковта көшелердегі жарықтандыру жүйесін ауыстыру бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл бағыттағы жұмыс енді басталды, сондықтан оның экономикалық тиімділігі жылдың соңында белгілі болмақ. ЖОО жастарының жасаған жобалары да өз жемісін беріп жатқаны жасырын емес.

Негізі, біз бұл бағыт бойынша 2012-ші жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Барлық факультеттерде студенттік зерттеу топтары құрылды. Жастардың жобалық-зерттеу қызметін ынталандыру мақсатында жыл сайын түрлі байқаулар өткізіліп, оны қолдау үшін 1 млн. теңге бөлініп отырады, - дейді Еркін Әбіл.

Тақырып бойынша материалдар

«ЭКСПО-2017» КӨРІНІСТЕРІ ОБЛЫСТА ІСКЕ АСУДА
20:36, 25 желтоқсан 2018
«ЭКСПО-2017» КӨРІНІСТЕРІ ОБЛЫСТА ІСКЕ АСУДА
Толығырақ...
«ЭКСПО - 2017» ЖОБАЛАРЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ІСКЕ АСУДА
20:32, 3 қыркүйек 2018
«ЭКСПО - 2017» ЖОБАЛАРЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ІСКЕ АСУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
09:42, 20 қазан 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Толығырақ...