ШҰҒЫЛ! ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ Толығырақ

Тың технологиялар тұрмыста қолданылуы тиіс

20:32, 16 қазан 2017

Біздің ел үшін биылғы жылдың басты оқиғаларының бірі халықаралық «Экспо-2017» көрмесі болғаны бәрімізге мәлім. Төрт айға жуық жүзеге асқан жиында төрткүл дүние туристері Астанмызда мейман болды. «Болашақтың энергиясы» тақырыбы аясында көрмеге қойылған тың технологиялармен танысты. Отандастарымыз да озық тәжірибеге көз жеткізді. «Жасыл экономика» бағытындағы жаһандық жобалардың жемісімен жақын танысты. Енді сол тың технологияларды тұрмыста кең пайдалану керек. Осыған орай, әкімдікте әлем елдері ұсынған энергия өндірудің тиімді тәсілдерін Тобыл өңірінде іске асыруға арналған жиын өтті

Қазіргі уақытта Қазақстандағы компаниялар халықаралық «Экспо-2017» көрмесінен іріктеліп алынған тың технологияларды қолданысқа енгізу бойынша бағалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл - көрмеден кейінгі нәтижені арттырудың бірден-бір амалы. Осыған орай, облыс көлемінде күнделікті өмірде тұтынылатын технологиялардың тізімін жасау жөніндегі  басқосу өтті.

Бұл – маңызы зор шара. Сондықтан, энергетика министрлігі төрт бағыт бойынша  халықаралық павильондарға мониторинг жүргізген. Бүгінде әрбір аймақ әкімдіктерімен және компаниялармен тиісті жұмыстарды жалғастыруда. Қазіргі күні 170-ке жуық компания озық деп танылған технологияларды бағалап жатыр. Солардың бірі – шағын шаһардағы шамдар.

 Соңғы уақытта «ақылды қала» қағидасына негізделген технологиялар қызығушылық тудырып отыр. Осы ретте шаһардың шырайын кіргізу үшін инфроқұрылымын және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын, энергия үнемдеуді жақсартуға мүмкіндік берер ақпараттық - коммуникациялық технологиялар ерекше ескерілген.

Тақырып бойынша материалдар

«ЭКСПО-2017» КӨРІНІСТЕРІ ОБЛЫСТА ІСКЕ АСУДА
20:36, 25 желтоқсан 2018
«ЭКСПО-2017» КӨРІНІСТЕРІ ОБЛЫСТА ІСКЕ АСУДА
Толығырақ...
«ЭКСПО - 2017» ЖОБАЛАРЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ІСКЕ АСУДА
20:32, 3 қыркүйек 2018
«ЭКСПО - 2017» ЖОБАЛАРЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ІСКЕ АСУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
09:42, 20 қазан 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Толығырақ...