ШҰҒЫЛ! ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ Толығырақ

ТӨЛ ӨНЕР – ҚОЛӨНЕРІМІЗ ДӘРІПТЕЛДІ

13:09, 14 қаңтар 2019

Астана төрінде өткен «Экспо-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесі аясында Қостанай облысының мәдениет күндері ұймдастырылған болатын. Оған Тобыл өңірінің өнер ұжымдары, шығармашылық иелері атсалысты. Жаһандық жиынға астықты аймақ атынан аттанған делегация құрамында қолөнер шеберлері мен музей мамандары да болды. Соңғы аталған сала өкілдері туристер назарына Тобыл тарихынан сыр шертер көне жәдігерлер ұсынды. Көрмеге келген көпшілік өлкеміз жайлы не білді? Тілшіміз баяндасын

«Экспо-2017» халықаралық көрмесі аясында құрылған «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінде жергілікті 20-ға жуық қолөнер шеберлерінің туындылары мен тарихи-өлкетану мұражайының бірегей жәдігерлері қойылған болатын. Олар туристерді ерекше тәнті етті. Көрменің көздегені де сол - шетелдіктерді қазақтың салт-дәстүрлерімен жақын таныстыру еді, -  дейді дүниежүзілік думанда дәнді өлке мәдениетін дәріптеген музей қызметкерлері.

Күміспен күптелген, былғарымен қапталған ер-тұрман жасап әкелген ұсталар мен әшекей бұйымдарын ұсынған зергерлер өнеріне тәнті болмаған жан қалмады. Бәрі қолмен ұстап көріп, ұнатқардарын сатып алып жатты. Бүкіләлемдік көрмеде біздің бай мұрамыз насихатталды. Оған үлес қосқан жергілікті шеберлер көп болды, - дейді музей мамандары.

Этноауылда» көзге ұшырасқан көркем көріністердің бәрі жүрекке мақтаныш пен ерекше рух ұялатты. Онда құр Қостанай облысының ғана емес, тұтас елдің мәдениеті мен өнері насихатталды. Осылайша, туристер алдында рухани тұрғыда  жаңғырғанымыз рас, -  дейді елордадан естен кетпес естеліктермен оралған қостанайлықтар.

 

Айдын Шәйкенов

Тақырып бойынша материалдар

«ЭКСПО-2017» КӨРІНІСТЕРІ ОБЛЫСТА ІСКЕ АСУДА
20:36, 25 желтоқсан 2018
«ЭКСПО-2017» КӨРІНІСТЕРІ ОБЛЫСТА ІСКЕ АСУДА
Толығырақ...
«ЭКСПО - 2017» ЖОБАЛАРЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ІСКЕ АСУДА
20:32, 3 қыркүйек 2018
«ЭКСПО - 2017» ЖОБАЛАРЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ІСКЕ АСУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
09:42, 20 қазан 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Толығырақ...