ШҰҒЫЛ! ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ Толығырақ

Қостанай – Астана. Кәсіпкерлер жәрмеңкеге аттанды

15:01, 26 маусым 2017

Алдағы демалыс күндері, «Экспо-2017» халықаралық көрмесі аясында Астанада 4 облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді. Оған қостанайлық кәсіпкерлері де қатысады. Астықты аймақтан еліміздің ордасына 450 тоннадан астам азық-түлік жіберілді. Сәт сапар тілеп, жол жүрушілерді шығарып салған тілшімізге кезек берейік.

Ауылшаруашылық жәрмеңкелерінде қашанда ет өнімдеріне сұраныс жоғары болады. Сондықтан, қостанайлықтар қой, сиыр, жылқы еті мен шұжықтардың түр-түрін молынан апаруды жөн санапты. Облысымыздың 10 ауданы мен 3 қаласының тауар өндірушілері 50 тонна ет, 100 тонна ұн, жұмыртқа мен бал сияқты сұранысқа ие өнімдерді арнайы әзірлеген.

Азық-түлік құны нарықтағыдан арзан болмақ. Нақтырақ айтсақ, 15-20 пайызға төмен.  Ветеринар мамандар тауар сапасына еш шүбә келтірмеуге болады дейді. Әрбір өнім арнайы зертханада мұқият тексерілген. Жалпы, аймағымыздың ауылшаруашылық кәсіпорындары дәстүрлі жәрмеңкеге асқан жауапкершілікпен дайындалады. Бұл тек елорда тұрғындарына ғана емес, жергілікті тауар өндірушілерге де тиімді.

Осылайша, қаз-қатар тізілген темір тұлпарлар Астананы бетке алды. Екі күнге ұласар шарада елордалықтар сапалы өнімге қол жеткізетін болады. Жәрмеңке алаңы «Қостанайда жасалған» азық-түлікке толса, тобылдық көркемөнерпаздар бас шаһарда ән мен жырдан шашу шашпақ.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

«ЭКСПО-2017» КӨРІНІСТЕРІ ОБЛЫСТА ІСКЕ АСУДА
20:36, 25 желтоқсан 2018
«ЭКСПО-2017» КӨРІНІСТЕРІ ОБЛЫСТА ІСКЕ АСУДА
Толығырақ...
«ЭКСПО - 2017» ЖОБАЛАРЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ІСКЕ АСУДА
20:32, 3 қыркүйек 2018
«ЭКСПО - 2017» ЖОБАЛАРЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ІСКЕ АСУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
09:42, 20 қазан 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Толығырақ...