ШҰҒЫЛ! ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ Толығырақ

«EXPO-2017» көрмесіне аттанды

15:39, 22 маусым 2017

«EXPO-2017» халықаралық көрмесін еліміздің әр азаматы өз көзімен көріп, тамашалағысы келеді. Маңызды шара қостанайлықтарды да қатты қызықтыруда. Бұған дейін оқушылардың бір легін Астанаға шығарып салсақ, енді Экспоға білім саласының қызметкерлері де аттанды.

Наталья Шагабутдинованың қуанышында шек жоқ. Қостанайдағы 19 орта мектептің директоры Экспоға баруды армандап жүрген. Енді, болашақта қандай жаңа технологиялар ұсынылатынын өз көзімен көретін мүмкіндік бар.

Сапарды Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қостанай облыстық ұйымы ұйымдастырып отыр. Мұндағы мақсат білім қызметкерлерін астанамызда өткізіліп жатқан «EXPO-2017» көрмесімен таныстыру. Сондай-ақ азаматтар арасында табиғатқа залал келтірмей, энергияны дұрыс тұтынуды насихаттау.

Еске сала кетейік, осыған дейін еліміздің елеулі оқиғасына мектеп оқушылары да барып келген еді. Енді міне ұстаздарға да осындай мүмкіндік берілді. Бұл тек көрмеге жиналғандардың алғашқы тобы. Жалпы барлығы 227 жолдама үлестірілген. Салтанатты шығарып салу шарасы облысымыздың оркестр ұжымының сазды әуендерімен жалғасын тапты.

Тақырып бойынша материалдар

«ЭКСПО-2017» КӨРІНІСТЕРІ ОБЛЫСТА ІСКЕ АСУДА
20:36, 25 желтоқсан 2018
«ЭКСПО-2017» КӨРІНІСТЕРІ ОБЛЫСТА ІСКЕ АСУДА
Толығырақ...
«ЭКСПО - 2017» ЖОБАЛАРЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ІСКЕ АСУДА
20:32, 3 қыркүйек 2018
«ЭКСПО - 2017» ЖОБАЛАРЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ІСКЕ АСУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
09:42, 20 қазан 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Толығырақ...