ШҰҒЫЛ! ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ Толығырақ

ЕЛ АЙМАҚТАРЫНАН «ЭКСПОҒА»...

20:36, 18 мамыр 2018

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы қызметкерлері облыс әкімдігімен бірлесіп, өңірдің оқу орындары жетекшілерімен және туроператорлармен кездесу өткізді. Жиында «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы мен Қостанай облысы әкімдігі және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арасындағы үшжақты ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл құжат оқушылар мен студенттер үшін «Экспо» көрмесі нысандарында мәдени білім беру турларын ұйымдастыруды көздейді.

Айта кетсек, «Нұр Әлем» - «Болашақтың энергиясы» мұражайының инновациялық алаңында 3 тілде физика, биология, георафия, тарих, туризм және басқа пәндер бойынша «Kids Future Energy» мен «Students Future Energy» ашық сабақтарын өткізу мүмкіндігі бар. Бұл туралы ұлттық компания кеңесшісі Роза Асанбаева айтып берді.

Кездесуде Ұлттық компания мен облыс туроператорлары арасында «Халықаралық мамандандырылған «Экспо» көрмесі нысандарының ресми туроператоры» мәртебесін алу жөніндегі құжатқа қол қойылып, туроператорлар мен оқу орындарының арасында келісім-шарт жасалды.

Еске салсақ, былтыр қарашада ЭКСПО-2017 көрмесінің нысандары өз жұмысын қайта бастады. Келушілерге көрме кешенінің туристік аймағының «Нұр Әлем» сферасы, Үздік тәжірибелер алаңы, Энергия холы мен Конгресс-орталығы өз есіктерін айқара ашты.

 

Айдын Шәйкенов

Тақырып бойынша материалдар

«ЭКСПО-2017» КӨРІНІСТЕРІ ОБЛЫСТА ІСКЕ АСУДА
20:36, 25 желтоқсан 2018
«ЭКСПО-2017» КӨРІНІСТЕРІ ОБЛЫСТА ІСКЕ АСУДА
Толығырақ...
«ЭКСПО - 2017» ЖОБАЛАРЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ІСКЕ АСУДА
20:32, 3 қыркүйек 2018
«ЭКСПО - 2017» ЖОБАЛАРЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ІСКЕ АСУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
09:42, 20 қазан 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Толығырақ...