ШҰҒЫЛ! ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ Толығырақ

Экспоға саяхат: Студенттер көрмені тамашалады

15:49, 29 тамыз 2017

Әлем назары ауып отырған «ЭКСПО» халықаралық көрмесіне келушілердің қатары күн санап артып келеді. Еліміздің жетістіктері мен шет елдердің озық технологияларын өз көзімен көргісі келген қостанайлық бір топ студент халықаралық көрмені тамашалап қайтты. Оған қоса, Елорданың әсем жерлеріне де саяхат жасады. Алған әсерлері қандай?

«Қостанай қызмет көрсету саласы колледжінің» студенттері үшін халақаралық шараның маңызы зор. Төрткүл дүние көз тіккен көрмені өз көздерімен көріп, керемет әсер алып қайтты. Олар 3 күндік бағдарлама бойынша «ЭКСПО»-ны тамашалап, Астананың көрікті жерлерін де аралады.   

Студенттерге, әсіресе Қазақстанның Ұлттық павильоны ерекше әсер қалдырған. Бұнда мемлекет мерейін үстем ететін, таңдай қақтыратын дүниелер көп. Әр жобадан ұлттық рухты, қазақи бітім-болмысымызды аңғарасың, дейді олар.    

Студентерді арнайы жол нұсқаушы маман қарсы алыпты. Қызмет көрсету сапасы өте жоғары деңгейде, дейді. Түрлі павильондармен танысып, табиғаттан қуат көзін алатын әлемнің озық технологияларын тамашалаған. «Бұл сапар студенттер мен оқытушы қауымына білімдерін жетілдіруге септігін тигізері анық «,-дейді колледж басшылығы.

Сондай-ақ, қостанайлық жастар Африка плазасы, Египет, Түркия, Тайланд павильондарын ерекше атап өтті. Адам көп келген нысандардың арасында Нұр Әлем көш бастап тұрғанын аңғарған. Одан басқа, коммерциялық павильон, "Шелл" балалар лабораториясы және C 3,5 тақырыптық павильоны да алдыңғы орында екен.  

Тақырып бойынша материалдар

«ЭКСПО-2017» КӨРІНІСТЕРІ ОБЛЫСТА ІСКЕ АСУДА
20:36, 25 желтоқсан 2018
«ЭКСПО-2017» КӨРІНІСТЕРІ ОБЛЫСТА ІСКЕ АСУДА
Толығырақ...
«ЭКСПО - 2017» ЖОБАЛАРЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ІСКЕ АСУДА
20:32, 3 қыркүйек 2018
«ЭКСПО - 2017» ЖОБАЛАРЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ІСКЕ АСУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
09:42, 20 қазан 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Толығырақ...