ШҰҒЫЛ! ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ Толығырақ

«Экспо» аясындағы халықаралық әйелдер форумы

17:51, 6 қыркүйек 2017

Ел өміріндегі ең елеулі оқиға - «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесі аясында Астанада «Әйелдер болашақтың энергиясы үшін» атты халықаралық форум өтті. Оған облысымыздың нәзік жандыларынан құралған арнайы делегация барды. Үкіметтік емес ұйым төрайымдары мен кәсіпкерлікпен айналысатын қостанайлық қыз-келіншектер бұл басқосудан қандай әсермен оралды? Нендей ой түйіп қайтты?

Болашақтың энергиясын өндіру - бір мемлекеттің ғана емес, бүкіл адамзаттың ортақ мүддесі. Әлемдік мәселенің оң шешімін табуға әйелдер қауымы да мол септігін тигізе алады. Осыған орай, елорда төрінде «Экспо-2017» халықаралық көрмесі шеңберінде шартараптан жианалған іскер әйелдер форумы өтті.              

Форумда кәсіпкерлікпен айналысатын бұрымдылардың да іс жүргізу мәдениеті мен әлемдік әдіс-тәсілдері насихатталыпты. Оған куә болған қостанайлық іскер азаматшалар осы жиын барысында алмасқан тың тәжірибелерін болашақта жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

25 мемлекеттің белсенді де, беделді бұрымдылары бас қосқан форумда «Болашақтың энергиясын» өндіру төңірегіндегі түрлі ұсыныстар айтылды. Жасыл экономиканы жаңғырту жолында әрбір елдің өкілдері өздерінің жобаларын жарыққа шығармақ. Дегенмен, діттеген мақсат бір. Ол – ортақ ғаламшарды баламалы қуат көздерімен қамтамасыз ету.

 

Тақырып бойынша материалдар

«ЭКСПО-2017» КӨРІНІСТЕРІ ОБЛЫСТА ІСКЕ АСУДА
20:36, 25 желтоқсан 2018
«ЭКСПО-2017» КӨРІНІСТЕРІ ОБЛЫСТА ІСКЕ АСУДА
Толығырақ...
«ЭКСПО - 2017» ЖОБАЛАРЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ІСКЕ АСУДА
20:32, 3 қыркүйек 2018
«ЭКСПО - 2017» ЖОБАЛАРЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ІСКЕ АСУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
09:42, 20 қазан 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Толығырақ...