ШҰҒЫЛ! ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ Толығырақ

«ЭКСПО - 2017» ЖОБАЛАРЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ІСКЕ АСУДА

20:32, 3 қыркүйек 2018

Қостанай өңірінде «Экспо-2017» халықаралық көрмесінде қойылған 13 жоба жүзеге асырылуда. Бұл мақсатқа қазынадан 1 млрд. теңгедей қаражат қарастырылған. Тың технологиялар, әсіресе, ауылдық жерлерде кеңінен енгізіліп жатыр. Мәселен, Қарасу елді мекенінде жүзеге асқан жарқын жоба арқылы күн сәулесінен қуат алуға мол мүмкіндік бар

Мына бір балабақшаның терезелеріне «ақылды» перделер орнатылады. Олар күн сәулесінен қуат алып, ғимараттың іші мен сыртын жарықтандыруға мүмкіндік береді. Бұл бізге электр қуатын үнемдеуге үлкен көмек болып отыр дегенді жеткізді жауапты мамандар.

Бұл Қарасу ауылындағы жалғыз жоба емес. Былтыр елді мекендегі екіқабатты үйлер мен әлеуметтік нысандар орталық қазандықтан ажыратылып, автономды пешке қосылды. Нәтижесінде көмір екі есеге үнемделді.

Биыл осындай қазандық Қарасу ауылының әкімдігі мен мектебіне де орнатылмақ. Сонымен қатар, аялдамалар мен жаяу жүргіншілер жолына да күн көзінен қуат алатын құрылғылар қойылады деп күтілуде.

 

Айдын Шәйкенов

Тақырып бойынша материалдар

«ЭКСПО-2017» КӨРІНІСТЕРІ ОБЛЫСТА ІСКЕ АСУДА
20:36, 25 желтоқсан 2018
«ЭКСПО-2017» КӨРІНІСТЕРІ ОБЛЫСТА ІСКЕ АСУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
09:42, 20 қазан 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Толығырақ...